ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС  тақырыбы: «Коммерциялық кәсіпорынның жабдықтау логистикасын ұйымдастыру»

У нас на сайте представлено огромное количество информации, которая сможет помочь Вам в написании необходимой учебной работы. 

Но если вдруг:

Вам нужна качественная учебная работа (контрольная, реферат, курсовая, дипломная, отчет по практике, перевод, эссе, РГР, ВКР, диссертация, шпоры...) с проверкой на плагиат (с высоким % оригинальности) выполненная в самые короткие сроки, с гарантией и бесплатными доработками до самой сдачи/защиты - ОБРАЩАЙТЕСЬ!

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС  тақырыбы: «Коммерциялық кәсіпорынның жабдықтау логистикасын ұйымдастыру»

ТҮЙІНДЕМЕ

 

Дипломдық жұмыс 79 бет көлемінде кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,  28 кестеден,  28 суреттен,  32 әдебиеттен тұрады.

ЖАБДЫҚТАУ ЛОГИСТИКАСЫ, САТЫП АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫН, ЖАБДЫҚТАУШЫНЫ ТАҢДАУ.

Дипломдық жұмыстың мақсаты «CENTECH» ЖШС негізінде кәсіпорынның жабдықтау логистикасын ұйымдастыру мәселелерін анықтау, дамыту жолдарын ұсыну, зерттеу болып табылады.

Зерттеу нысаны – Батыс Қазақстан облысы, Атырау қаласы, «CENTECH» ЖШС болып табылады.

Зерттеу пәні – Кәсіпорынның жабдықтау логистикасы

 

РЕФЕРАТ

 

Дипломная работа состоит из введения в объеме 79 страниц, трех разделов, заключения,  28 таблиц,  28 рисунка,  32 литературы.

ЛОГИСТИКА СНАБЖЕНИЯ, ОРГАНИЗАЦИЯ ЗАКУПОК, КОММЕРЧЕСКОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ, ВЫБОР ПОСТАВЩИКА.

Целью дипломной работы является изучение, представление путей развития, выявление проблем организации логистики оборудования предприятия на базе ТОО «CENTECH».

Объектом исследования является ТОО «CENTECH», г. Атырау, Западно-Казахстанская область.

Предмет исследования-логистика снабжения предприятия

 

ABSTRACT

 

The thesis consists of an introduction of 79 pages, three sections, conclusions, 28 tables,  28 figures,  32 literature.

SUPPLY LOGISTICS, PURCHASING ORGANIZATION, COMMERCIAL ENTERPRISE, SUPPLIER SELECTION.

The purpose of the thesis is to study, present ways of development, identify problems of organization of logistics of equipment of the enterprise on the basis of    «CENTECH»  LLP.

The object of research is «CENTECH» LLP, Atyrau, West Kazakhstan region.

Subject of research-the logistics of logistics enterprises

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................4

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАБДЫҚТАУ ЛОГИСТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.............................................7

1.1 Кәсіпорынды материалды - техникалық жабдықтаудың мәні, мақсаты, міндеттері.....................................................................................................................7

1.2 Коммерциялық кәсіпорынның сатып алуды ұйымдастыру ерекшеліктері. Қажеттіліктерді анықтау түрлері.............................................................................15

1.3 Жабдықтау көздері мен жабдықтаушыларды таңдау тәсілдері......................23

 

2  «CENTECH» ЖШС-нің ЖАБДЫҚТАУ ЛОГИСТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ................................................31

2.1 «CENTECH» ЖШС сипаттамасы, құрылымы, экономикалық көрсеткіштері.............................................................................................................31

2.2. «CENTECH» ЖШС-нің сатып алу үрдісін жүзеге асыру кезеңдері, жабдықтаушыны таңдау және бағалау көрсеткштері............................................41

2.3 «CENTECH» ЖШС-нің тауар қорларын басқару жүйесі, көрсеткіштері. Сатып алу түрлері...............................................................................................54

3  «CENTECH» ЖШС-нің САТЫП АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК ҚОЛДАУ....................................................................................................................64

3.1 Кәсіпорынның сатып алу қызметін ұйымдастырудағы негізгі мәселелер....64

3.2 Кәсіпорынның сатып алу үрдісін жетілдіруге(автоматтандыруға) арналған Microsoftsnabgenie жүйесін ұсыну. Microsoftsnabgenie жүйесінің өзге жүйелермен салыстырмалы сипаттамасы..............................................................67

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................76

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................78

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі уақытта нарықта қызмет етуші мемлекеттік немесе жеке табыс табатын кез келген кәсіпорын белгілі бір тауар немесе қызметтерге тәуелді болып келеді. Бұл тәуелділік өзге кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылатыны анық. Мысал ретінде, кәсіпорынның жылу, жарық, байланыс құралдары және кеңсе жабдықтары, жиһаз және басқа да түрлі заттарға деген қажеттіліктерін жатқызамыз. Бұл аталған қажеттіліктер кәсіпорынның айналысатын саласына байланысты болып келеді. Аталған қажеттіліктерді анықтай отырып, кәсіпорынның сол қажеттіліктерді сатып алу қызметі жабдықтау логистикасы болып табылады.

Кәсіпорынның сатып алу мен жабдықтауды жүзеге асыру қызметі негізгі іс-әрекеттерінің бірі болып табылады. Себебі, оның басты міндеттерінің бірі кәсіпорынның жалпы мақсатына тиімді үлес қосуды қамтамасыз ету үшін дер кезінде қажеттіліктермен қамтамасыз ету болып табылады.

Яғни, кез келген кәсіпорын өзінің стратегиялық мақсаттарын айқындай келе, тұтынушыларды қанағаттандыру жолын барынша көздейтіні анық. Себебі, коммерциялық кәсіпорындардың басты мақсаты барынша табыс табу болып табылатындықтан, табыс табу көзі тікелей тұтынушылармен(сатып алушы) тығыз байланысты. Осыған орай, кез келген кәсіпорын ресурсқа қажеттілікті жоспарлау, өндіріс жүйесінің уақыттылығы және сатылынып алынатын тауар мен қызметтердің сапалылығы мен өнімділігіне басты талаптар қояды.

Сатып алуды және жабдықтауды тиімді басқару қазіргі заманғы кәсіпорындардың көпшілігінің табысына айтарлықтай әсер ететіні анық. Осыған байланысты шикізат, қызмет көрсету және сапалы жабдықтар сатып алу, үздік баға бойынша қажетті мөлшерді ескере отырып, ұзақ мерзімді ынтымақтастық негізінде қызмет ету кез келген кәсіпорынның басты мақсаты болып табылады. Бүгінгі күні коммерциямен айналысатын кәсіпорын қызметтері нарықты зерттеуден бастап, соңғы тұтынушыға дейін қызмет көрсету кезеңдерін қамтиды.

Жабдықтау логистикасы жоғарыда атап өткендей, коммерциямен айналысатын кәсіпорындар үшін өте маңызды. Бұл маңыздылық сатып алу-сату немесе сатып алу-өндіріс-сату үдерісі кезіндегі сатып алынатын тауарлар бағасының төмендігімен сипатталады. Нарықтық талаптардың күшеюі көтерме немесе бөлшек сауда өніміне тұрақты сұраныстың болуын болжайды, бұл өз кезегінде сату көлемінің ұлғаюына және тұтынушылар шеңберінің кеңеюіне әкеледі.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы коммерциялық кәсіпорынның қызметіне логистика әдістерін енгізу арқылы қаражат айналымдылығын жеделдету, айналым шығындарын оңтайландыру, тұтынушылардың сұранысын барынша толық және сапалы қанағаттандыру мәселелерінің шешімін табу кезінде маңыздылығын көрсетеді. Сондай-ақ тауарды сатып алу, тасымалдау, сақтау және өткізу бойынша іс-қимылдарды үйлестіре отырып, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін барынша шаралар қолдануға жағдай жасайды.

Диплом жұмысының өзектілігі. Логистиканың, оның ішінде жабдықтау логистикасының өзектілігі, ең алдымен, оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен, түрлі әдістерді қолдана отырып, жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын тиімді мүмкіндіктермен танысудан көрініс табады. Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы әрбір кәсіпорынның қызмет ету жүйесі, ұйымдастырылуы, арнайы халықаралық стандарттарға бейімделуі, бәсекеге қабілеттілігі мен жетілдіру жолдарын зерттеу, даму жағдайын  қарастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты сатып алу логистикасын ұйымдастыру өзектілігі кәсіпорын қызметін талдаумен қатар, мекеменің қызметін ұйымдастыру, шығындар жоспарының орындалуына бақылау жасау, мекеменің салалық ерекшеліктерін есепке алу, қаржылық есептілікті ұйымдастыруда шығындарды есеке алу, тапсырыс беру, тауар өндіру секілді кезеңдерінен көрініс табады.

Нарықтағы бәсекеге қабілеттілік едәуір дәрежеде тұтынушылардың тапсырыстарына сай логистикалық қызмет көрсету жүйесінің болуымен және ұсынылатын қызмет көрсету сапасының деңгейімен айқындалады.

Ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңызы. Кәсіпорын жұмысының іске асырылуы, стратегиясы, мәселелері, оларды шешу жолдарын тексеру мен осы тапсырмаларды шешу жолдары, шығындар мен есептерді үйлестіру қажеттілігі шетелдік тәжірибелерді қолданудың жаңа қағидаларын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Кез келген озық тәжірибенің енгізілуі, оның кәсіпорын қызметін ұйымдастыруда маңызын анықтай отырып, қаражатты тиімді пайдалануға, жоспарлауға және тұтынушы талабын қанағаттандыру мен жетілдіруде жоғары мүмкіндіктер алуға болады.

Шешіліп отырған мәселенің қазіргі жағдаймен байланысы. Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру мен арнайы салаларға логистиканың қолданыла бастауы еліміздегі нарықтық экономиканың талабына сай туындаған мәселелерді айқындау және оны оңтайландырудан көрініс табады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Кәсіпорынды басқарудағы логистикалық жүйелерді қарастыра отырып, жабдықтау үрдісінің ұйымдастырылуын, оның ішінде зерттеу жүргізіп отырған Атырау қаласының «CENTECH» кәсіпорнының қызметін қарастыру, ұйымдастыру ерекшеліктерін енгізу, анықталған мәселелерді шешу жолдары және жетілдіру үшін ұсыныстар жасау,тиімділігін көрсету болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1.   Кәсіпорынды материалды-техникалық жабдықтау мәнін, мақсатын көрсету;

2.   Сатып алуды жоспарлау әдістерін қарастыру;

3.   «CENTECH» кәсіпорнының сатып алу қызметіне және басқару жүйесіне, құрылымына талдау жасау;

4.   Кәсіпорынның сатып алу қызметінің кемшіліктерін анықтай отырып, жетілдіру бойынша іс-шаралар мен жобалар ұсыну, салыстыра отырып тиімділігін көрсету болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Батыс Қазақстан облысы, Атырау қаласы,  «CENTECH» ЖШС.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыстың мазмұнын толық ашу мақсатында Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен нұсқаулықтары, сандық және сапалық талдауының қазіргі заманғы оқу-әдістемелік әдістері мен тәсілдері, статистикалық мәліметтер, қарастырылған тақырыпқа байланысты монографиялық және оқу әдебиеттері, берілген тақырып бойынша мамандандырылған баспасөздегі мақалалар, отандық ғалымдардың оқулықтары, оқу құралдары, практикумдары және зерттеліп отырған мекеменің мәліметтері, Интернет көздері қолданыла отырып жазылды. Сонымен қатар, шетелдік Седельникова И.М., Сергеева В.И., Савельев А.Н., Козлова В.К. секілді ғалымдардың оқулықтары мен оқу құралдары  қолданылды.

Диплом жұмысын жазудың тәжірибелік базасы. Дипломдық жұмыстың объектісі саналатын Батыс Қазақстан облысы, Атырау қаласынындағы «CENTECH» кәсіпорнының қаржылық есебі, осында толтырылатын бастапқы және қорытынды құжаттар.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорында сатып алу(жабдықтау) логистикасын жүзеге асырудың теориялық аспектілері, сонымен қатар коммерцилық кәсіпорынның сатып алу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері мен жабдықтаушылардың түрлері қарастырылады.

Екінші бөлімде «CENTECH» кәсіпорны қызметіне талдау жүргізілді, сатып алуды ұйымдастыру кезеңдері мен кәсіпорынның тауар қорларын басқару жүйесі, көрсеткіштері қарастырылады.

Үшінші бөлімде кәсіпорынның сатып алу бөлімінің қызметінде кемшіліктер анықталып, оны жетілдіру жолдары, сатып алу қызметі жүйесін оңтайландыру және сатып алу логистикасын басқару процесін автоматтандыру жолдары ұсынылды, бұл қойма қорларын азайтуға және өнімді жеткізу жүйесін неғұрлым тиімді басқаруға көмектеседі, сондай-ақ кәсіпорынға қосымша пайда әкеледі. Сонымен қатар, ұсынылған шаралардың кәсіпорын үшін салыстырмалы тиімділігі есептелінеді.

Қорытынды бөлімде кәсіпорынның стратегиясы, зерттеу барысында анықталған мәселелерді ескере отырып, шешу мен оңтайландыру жолдары көрсетіледі, салыстырмалы түрде сипатталады.

 

 

 

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАБДЫҚТАУ ЛОГИСТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Кәсіпорынды материалды - техникалық жабдықтаудың мәні, мақсаты, міндеттері

 

Жабдықтау түсінігінің пайда болуы нарықтағы қызмет етуші кәсіпорындардың өзін-өзі тауар немесе қызметтермен толықтай қамтамасыз ете алмауымен сипатталады. Демек, жабдықтау тек қана тауар немесе қызметтердің алмасуы емес, кәсіпорындардың өзара байланысын да көрсетеді.

Жабдықтау-бұл кәсіпорынға қажетті өнім мен тауарды сатып алу мен жабдықтаушыларды басқаруға байланысты барлық қызмет түрлерін біріктіріп, қажеттіліктерді төмен бағамен сатып ала отырып, арнайы бағдарламалардың орындалуын қадағалайды [1, 15 б.].

Жабдықтау логистикасы – бұл кәсіпорын үшін шикізатты, жартылай дайын өнімдер мен тауарларды жоспарлаумен, тапсырумен және жеткізумен байланысты логистиканың саласы .

Жабдықтау логистикасы қызмет саласы ретінде сатып алу логистикасымен тығыз байланысты. Ол сондай-ақ, кәсіпорынды күнделікті және ұзақ мерзімді кезеңде тауармен қамтамасыз етуді білдіреді. Бұған қол жеткізу үшін сатып алу жөніндегі мамандар сатып алынатын өнімге қажеттілікті анықтау, тиімді жабдықтаушыны іздеу, бірнеше баламалы көздерде сатып алу мүмкіндігін бағалау, сатып алу әдісін таңдау, жеткізудің қолайлы бағасы мен шарттарын белгілеу, тауарды жеткізу сәтіне дейінгі қадағалау, сондай-ақ жабдықтаушы ұсынған қызметтердің сапасын бағалау сияқты міндеттерді шешуі тиіс [2, 9 б.].

Кәсіпорынның жабдықтау бөлімінің басты міндеті тиісті жинақтылық пен сапаға сәйкес қажетті материалды-техникалық жабдықтарды уақытылы және оңтайлы қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған міндеттерді шеше отырып, жабдықтау бөлімдері кәсіпорын тұтынатын барлық материалдық қажеттілік көлемін белгілеп, нарықтағы бағалардың өзгеріс деңгейін ескерумен қатар, тауар қозғалысының неғұрлым үнемді нысанын таңдай отырып, қорларды оңтайландыруды, көлік-дайындау және қойма шығыстарын төмендету секілді қызметтерді атқаруы тиіс. Бүгінгі күні кәсіпорынның жабдықтау жүйесінің сатып алу логистикасымен тығыз байланыстылығы бірлесіп қызмет атқаруынан көрініс табады.

Тауар, материал және қызметпен қамтамасыз ету - тиісті объектілерді қажетті құралдармен (материалдармен, энергиямен, жинақтаушы, қосалқы бөлшектермен, тауарлармен, техникамен және т. б.) жабдықтауға бағытталған маңызды қызмет түрі болып табылады.

Жоғары көрсетілгендей, «жабдықтау» ұғымы кең мағынаға ие болып табылады, сонымен қатар ұғымның түрлері мен қолдану аясы көп. Жабдықтау логистикасының негізгі қызмет түрлерін, мақсаттарын, міндеттерін сипаттау үшін, ең алдымен ұғымына тоқталып қтейік.

Қазірші уақытта «жабдықтау» ұғымының көптеген түсіндірмелері кездеседі. Төменгі суреттен, осы ұғымның әдебиет көздерінде ең көп кездесетін негізгі түсініктерін қарастырайық.

 

1-сурет. Жабдықтау ұғымының негізгі түсіндірмелері

Ескерту: [3, 39 б.] әдeбиeт мәліметтері нeгiзiндe aвтopмен құpacтырылған

 

Демек, 1-суретте көрсетілгендей, түрлі түсініктер кездеседі, дегенмен мәні мен мақсаты бір болып табылады Қазіргі уақытта ең жиі қолданылатын ұғым ретінде ресейлік ғалымның енгізген ұғымын айта алмыз . Сонымен қатар, бұл сатып алудың әртүрлі түрлерін, сондай-ақ осыған байланысты қызметтерді, яғни жабдықтаушыларды таңдауды, мәміле шарттарын келісу бойынша келіссөздер жүргізуді, жеткізу шарттарын келісуді, жабдықтаушылардың жұмыс көрсеткіштерінің талдауын, жабдықтаушылардан алынған тауарларды жинау мен қабылдауды қамтитын қызмет түрі де  болып табылады. Жалпылама жоспарда қазіргі заманғы жабдықтау-бұл екі функционалды біріктіретін қызмет: сатып алуды басқару және жеткізушілерді басқару  [3, 18 б.].

Әдетте, жабдықтау қызметі материалдардың тек орнын ауыстыруды ғана жүзеге асырмайды, оны алдын - ала ұйымдастырады

Кәсіпорынның сатып алуды ұйымдастыру қызметі оның мақсаттарына байланысты түрлі кезеңдерді қамтыды. Себебі, нарықтағы тұтынушының талабының өзгеруіне байланысты оның атқаратын міндеттері де өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңдердің өзгеруін 1-кестеден көруге болады.

 

1 кесте.

Сатып алу үрдісінің даму кезеңдері, сипаттамасы

1-кестеден сатып алуды басқару көздерінің әртүрлілігін, оған сәйкес атқарылатын қызметтердің де бөлек екендігін көрдік. Демек, нарықтың талабына сай, бұл өзгерістер кәсіпорын қызметінде де айтарлықтай айырмашылық болуын көрсетеді.

 Қазіргі нарықтық экономикада кәсіпорындардың сатып алу қызметі даму сатысының интегративті кезеңін сипаттайды. Осыған сәйкес, кәсіпорын өзге бөлімшелермен байланысты орнату нәтижесінде тиімділікті арттыра отырып, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бақылайды. Сатып алудың бұл кезеңінде жабдықтау қызметінің стратегия мен оның кәсіпорын бизнесінің нәтижелі көрсеткіштеріне қосқан үлесі бойынша тиімділігінен көруге болады.

Жоғарыда аталып өткен қызметтердің дұрыс ұйымдастырылуы мен сатып алуды басқару қызметін жақсы түсіну үшін оның мақсаттарын анықтау керек. Жабдықтау логистикасының мақсаты логистика мақсаттарымен сәйкес келеді, яғни шарттқа сай қажетті уақытта, алдын ала келісілген баға бойынша, қажетті сападағы тауарларды сатып алу болып табылады.

Осылайша, кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтаудың төмендегідей мақсаттарын бөліп көрсетуге болады.

Жабдықтау логистикасының негізгі мақсаттары:

1. Ресурст, шикізаттың үздіксіз ағынын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жұмысына керек тауарларды жеткізу және қызметтерді ұсыну.

Осы мақсатқа сай, егер керекті тауар өз уақытында жетпеген жағдайда қызметтің уақытша, мүлдем тоқтауына және тиісінше үлкен шығындарға – тұрақты шығындарға, өнімді жеткізу мерзімдері бойынша тұтынушы талаптарын қанағаттандыруға деген қабілетсіздіктің туындауымен қатар, пайданың төмендеуіне әкелуі мүмкін.

2. Қорларды, тауар мен өнімдерді сақтауға байланысты шығындарды барынша азайту.

Шикізаттың үздіксіз ағынын қамтамасыз ету жолдарының бірі осы шикізаттың ірі қорларын құру және сақтау болып табылады. Көптеген кәсіпорындардың жыл сайынғы қор құны активтердің жалпы құнының 30-50% -ына бағалануы мүмкін. Мысалы, егер сатып алынатын қордың бағалануы 30 млн.орнына 15 млн. көлемдегі қорға қаражат бөлумен кәсіпорын қызметін толықтай қамтамасыз ете алатын болса, онда қор деңгейін алуға кететін бағаның 15 млн. - ға азаюы айналым қаражатына кететін шығындарды үнемдеуді құрайды.

3. Сапаны қолдау және арттыру.

Өнім өндіру және қызмет көрсету белгілі сапа деңгейімен жүзеге асырылуы тиіс, әйтпесе соңғы өнім немесе қызмет қойылған талаптарға сай келмеуімен қатар, тағы да өз алдына бөлек шығындарды әкелуі мүмкін. Сапаны стандартты біріңғай деңгейге жеткізу үшін кәсіпорын түрлі амалдар жасауы мүмкін. Оған кәсіпорынның арнайы қаражат көздерін бөлуін жатқызамыз. Ал, әлемдік деңгейде қызмет етуші кәсіпорындардың ұсынатын тауарлар мен қызметтердің сапалы әрі бәсекеге қабілеттілігі тауарға деген қызығушылықтың артуына алып келеді.

4. Сенімді жабдықтаушыларды іздеу.

Жабдықтау бөлімі қызметінің табысы түбіне келгенде, жабдықтаушыларды табу және олармен қарым-қатынасты дамыту, олардың мүмкіндіктерін талдау, тиісті жабдықтаушыны таңдау және одан кейін бірлескен қызметті үнемі жетілдіре отырып, онымен жұмыс істеу қабілеттілігіне байланысты. Бұл кезеңде, әрине, жабдықтаушыларды өз талап-тілегі бойынша таңдап, арнайы тиімді шарттар жасалынатыны анық..

          5. Мүмкіндігінше стандартты, бір-бірін алмастырушы тауарларды сатып алу.

Кез келген жағдайда кәсіпорын қолдануға ең тиімді болып табылатын тауарларды сатып алу қажет. Егер, сатып алуды жоспарлау кезінде бұрын екі-үш қажеттілікпен орындалатын тауар мен өнім санын шектеу еш зиян шектірмеген жағдайда, онда кәсіпорын сатылынып алынатын қажеттіліктер көлемінің санын азайта отырып, жабдықтауға кететін шығынды төмендете отырып, сондай-ақ жабдықтаушылар арасында бәсекелестікті арттыру есебінен де артықшылық ала алады.

6. Тауарлар мен қызметтердің ең төменгі бағада болуын талап ету.

Кез келген кәсіпорынның жабдықтау қызметі айналым қаражатының үлкен көлемін пайдалануды көздейді. Бұдан басқа, тауар сатып алуға кететін шығынды азайта отырып, түсетін пайданы ұлғайту маңызды болып табылады. Соңғы уақытта «қолайлы баға бойынша сатып алу» ұғымы сатып алудың жалғыз міндеті - ең арзан баға болып табылатындығын білдірсе де, тауардың деңгейін, санын, жеткізу және қызмет көрсету шарттарының жоғары деңгейде болуын көздейді, сатылып алынатын қажетті тауарлар мен қызметтерді ең аз баға бойынша алу шараларын жасайды [5, 11 б.].

7. Бәсекеге қабілеттілікті жақсарту.

Кез келген кәсіпорын тауардың қоймада сақтау шарттарын ескере отырып, оның сапалы әрі тиімді бағада сатылуын, нарықтағы бәсекелестер қызметін зерттеумен қатар, жабдықтау үрдісінің барлық шығындарын және қызмет етуін бақылай алатын болса, бәсекеге қабілетті болып табылатыны сөзсіз. Бұдан басқа, өзгермелі технологияға бейім болуы үшін арнайы әдістерді де қолдануы керек. Жабдықтау бөлімі өнімді рәсімдеу және соңғы тауарды әзірлеу бойынша ақпаратты, ұйымда қолданылатын технологияда қандай өзгерістер болатыны немесе орын алатыны туралы мәліметтерді бере алады. Жабдықтаушылардың қызметімен тікелей байланысты болғандықтан, олармен арнайы шешім қабылдау кезінде қызметтерді жақсартуға арналған шаралар екі тараптың ұсынысымен де қолданылуы мүмкін. Яғни, жабдықтау бөлімі өнімді өндіруге қажетті шикізаттың біркелкі ағынын қамтамасыз етуге және дайын өнімді немесе тауарды жеткізу шарттары бойынша тұтынушы алдындағы өз міндеттемелері бойынша жауапкершілік алуға міндетті болады. Ұзақ мерзімді даму сатысында кез келген кәсіпорынның пайдасы оның тұтынушыны табу және ұстап қалу қабілетіне, үрдісті тиімді басқаруына тікелей тәуелді болып келеді.

8. Кәсіпорынның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен үйлесімді қарым-қатынасқа, тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізу.

Жабдықтау бөлімі кәсіпорынның басқа бөлімдерімен және қызметкерлерімен: техникалық бақылау бөлімімен, өндірістік бөліммен, бухгалтериямен, маркетинг, дизайн, инженерлік әзірлеу және т. б. бөлімдермен тікелей байланыс орната отырып, табысты қызмет атқара алады. Себебі, кәсіпорынның құрылымына байланысты әрбір бөлімнің атқаратын қызметтері мен міндеттері бар. Бұл үрдіске қажеттілікті анықтай отырып, өтінім беру мен тауардың жеткізілуі секілді қызметтердің бөлім арасында іске асатынын атап өте аламыз.

Сатып алуды өндіріспен, өткізумен және қоймалаумен үйлестіру кәсіпорынның жүйелі әрі өзара байланыс арқылы қызмет етуін көрсетеді. Бұл міндет сатып алудың өндіріспен және жеткізу-тасымалдау қызметімен өзара байланыста болуын көрсетіп қана қоймай, олардың техника мен технологияларының өзара үйлесімділігін, қызметтерінің біркелкілігін көрсетеді. Қазіргі нарықта көптеген кәсіпорындар құрылымдық жүйе бойынша басқару үрдісін іске асырады. Яғни, бұл жүйе төменгі жүйелердің жоғары жүйелерге тәуелділігін әрі байланыстылығын көрсетеді.

9. Әкімшілік шығындарды төмендету.

Егер жабдықтау үрдісі кезінде сатып алынған тауар мен қызмет бағасы бойынша тиімсіз болып табылған жағдайда, сатып алуға кеткен шығындарының тым жоғары болуымен тығыз байланысты. Жабдықтау логистикасы мақсаттарының құрамы кәсіпорынның мамандануына (өнеркәсіптік, сауда, қызмет көрсету), өндірістің даму дәрежесіне және күрделілігіне, кәсіпорын қызмет ететін экономика саласына, бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Осыған орай, кез келген тауар немесе қызметті сатып алған сәтте тауардың түріне немесе сыртқы бейнесінен, пішінінен бөлек, оның бағасы да маңызды болып табылады. Себебі, кез келген кәсіпорын тауар мен қызметтерге тәуелді болып келгендіктен, оның қызмет етуі мен пайда табу көздері де бағаға тікелей байланысты болып табылады. Себебі, тауар мен қызметтің өзіндік бағасының жоғары болуы табысқа тікелей әсер етеді [6, 28 б.].

Нарықтық экономикалы елдерде жабдықтау логистикасының негізгі мақсаты барынша ықтимал экономикалық тиімділікпен өндірістің материалдарға қажеттілігін қанағаттандыру, соңғы тұтынушының талаптарын ескере отырып, олардың іске асырылуын қадағалау, сатып алу, сатуға тікелей қатысу болып табылады.

Кәсіпорынның аталған мақсаттары айқындалып болған соң, іске асырылу кезеңдері мен әр кезеңнің атқаратын міндеттері белгіленіп алынады. Яғни, жақсы нәтиже көрсету үшін тек мақсаттарды айқындап қана қоймай, олардың іске асырылу қағидалары белгіленеді. Демек, ол қағидалар атқарылатын жұмыстың реттілігін, сапалылығын, шарттардың орындалуын көрсетеді. Егер, кез келген бір жүйе бөлігінің немесе бір қағидаларының орындалмай қалуы түпкі нәтижеге әсер етуінен бөлек, беделдің түсуін немесе алынатын пайда көлемі деңгейін төмендетуі мүмкін.

Жоспарлылық, ырғақтылық, сенімділік, жеделділік, үнемділік, орталықтандыру және технологиялылығы жабдықтау логистикасының негізгі жұмыс істеу қағидалары болып табылады. Жұмыс істеу қағидалары қойылған мақсат пен міндеттердің реттілігін, олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді, қызметтің орындалу шартын қадағалайды. Қойылған негізі қағидалардың дұрыс жүзеге асырылуы соңғы нәтиженің жоғары дәрежесін көрсетеді.

 

 

2-сурет. Жабдықтау логистикасының сатып алу қағидалары

Ecкepтпе: [7, 39 б.] әдeбиeт мәліметтері нeгiзiндe aвтopмен құpacтырылған.

 

Кез келген кәсіпорын мақсаттарын орындау үшін арнайы міндеттер қойылады. Міндеттердің орындалу нәтижесін көру арқылы қаншалықты қызмет атқаруын, яғни мақсаттарының орындалу көрсеткішін көруге болады.

Осыған сәйкес, жабдықтау логистикасы негізгі логистикалық қызметтің бірі болып табылады және жабдықтау нарығынан кәсіпорын қоймаларына дейін шикізат, материалдар, жинақтаушы және қосалқы бөлшектер қозғалысын бақылайды.

Алайда, кез келген кәсіпорынның жетістігі алға қойған міндеттеріне байланысты. Жалпылаған түрде, бұл міндеттерді түрлі топтарға жатқызуға болады. Ол міндеттер, іске асырылуына байланысты екі түрге бөлініп қарастырылады, осыған атқаратын қызметтері де түрлі болып келеді.

Жабдықтау логистикасының негізгі міндеттері:

1) Ақпараттық: 

                Сатып алу нарықтарын зерттеу;

                Тауар мен қызмет түрлеріне байланысты «өндіру немесе сатып алу» міндетін анықтау;

                Үздік жабдықтаушыны, олардың ұсынатын бағаларын, өзге де жабдықтаушылардың бағаларымен салыстыра отырып зерттеу, жеткізудің түрлі әдіс-тәсілдерін анықтау, өзгерісін бақылау.

2) Жүзеге асыру міндеттері:

                Шикізат пен жинақтаушы бұйымдарды,  сатып алудың жоспарланған  мерзімдерін сақтау.

Осыған сәйкес, мерзімнен бұрын сатып алынған материалдар кәсіпорындардың айналым қорлары ретінде қолданылуы мүмкін, ал сатып алудағы кешігу керісінше, өндірістік үрдістің бұзылуы немесе оның өзгеруіне әкелуі мүмкін.

                Жеткізілімдер саны мен оларға қажеттілік арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету.

Жеткізілетін материалдық қажеттіліктің артық немесе жеткіліксіз санын бақылау, сондай-ақ айналым қорларының теңгеріміне және өнім шығарудың тұрақтылығына әсерін зерттеп отыру және бұдан басқа, саны бойынша айырмашылықтар болмауын қадағалау керек. Егер, бұл тепе-теңдік орындалмаған жағдайда, олардың орнын толтыру қосымша шығындарды талап етуі мүмкін.

                Сатылып алынатын тауарлардың сапалылығын қадағалау.

Сапа талаптың орындалу нақтылығын, кәсіпорынның нарықтағы ұзақ жылдық беделін көрсетеді. Себебі, тауардың өзіндік құнынан басқа оның сапасы да басты талаптардың бірі болып табылады. Оның үстіне, нарықтағы кез келген тұтынушы үшін де тауардың сапалылығы маңызды рөл атқарады.

Аталған мақсаттар, оның қағидаларға сай міндеттерді іске асыруы, барлығы дерлік кәсіпорын қызметі үшін маңызды болып табылады. Бұл кез келген кәсіпорын үшін оның стратегияларының орындалу шартын көрсетумен қатар, бәсекелестігін, беделін көрсетеді. Бұл аталған мақсат-міндеттер мен қағидалардың орындалу реттілігіне төмендегі бөлімшелерді қарастыру кезінде толығырақ тоқталып өтеміз [6, 15б.].

Қорыта келе, жабдықтау логистикасы өндірістік және коммерциялық болсын, кез келген кәсіпорын қызметі үшін өте маңызды рөл атқарады. Себебі, нарықтағы салалардың немесе қызмет түрлерінің әралуандылығы әрдайым қосымша қызмет пен тауарларға тәуелділікті арттырады. Сондықтан, сапасыз тауарлар мен қызметтерге жолығып қалмас үшін де жабдықтаушыны таңдау, қызметін бағалау, шешім қабылдау үрдісін де қадағалап отыру керек. Яғни, бұл міндеттерге кәсіпорынның сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптарын, тілектерін немесе тағы да басқа ерекшеліктерін жатқыза аламыз. Демек, кәсіпорындағы сатып алу кезеңіне қойылатын талап-міндеттердің жоғары болуы сатып алынатын тауар мен қажеттілік сапасының төмен немесе жоғары болу деңгейін көрсетеді.

 

    1.2. Коммерциялық кәсіпорынның сатып алуды ұйымдастыру ерекшеліктері. Қажеттіліктерді анықтау түрлері

 

Коммерциялық кәсіпорын тауарларды өндірушілердің қатарына кіре отырып, тауарды өткізуші(сатушы) және сатып алушы қызметтерін атқаратын, заңды тұлға құқықтары берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында жұмыс істейтін және барынша көп пайда алу мақсатын көздейтін дербес шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады.

Коммерциялық кәсіпорында логистика тауар қозғалысының мынадай қызметтерін орындайды: тапсырыс беру, сатып алу, жеткізу, ақпараттық сүйемелдеу, сақтау, сұрыптау және тауарларды босату. Аталған қызметтер түрімен кәсіпорынның арнайы бөлімдері айналысады. Коммерциялық кәсіпорынның сауда ұйымдарынан қызмет түріне байланысты көптеген айырмашылықтары бар. Сауда ұйымдары делдалдардың қатысуымен іске асса, коммерциялық кәсіпорынның қызметіне делдалдардан басқа кредиторлар мен өзге де субъектілер қатысады. Сонымен қатар, тауарлық несие мен вексель міндеттемелері ұғымдары кеңінен қолданылады [7, 21б.].

Сауда және коммерциялық кәсіпорын қызметтерінің көптеген ұқсастығы бар, оларды төменгі қызметтердің орындалуынан көре аламыз:

                тауар және материалдық құндылықтарды бөлу;

                тауар алмасуды ұйымдастыру;

                тауар нарығында сұраныс пен ұсынысты реттеу;

                нарық құрылымын зерттеу және   сұранысты белсенді қалыптастыру;

                төлем қабілеті бар сұранысты тек коммерциялық-делдалдық негізінде ғана емес, өндіріс саласына әртараптандыруды ұйымдастыру;

                кәсіпкерлікті қолдау және т. б.

Яғни, коммерциялық кәсіпорын жоғарыда атап өткендей, тек тауарды алып-сатуды ғана қамтымайды, сонымен қатар өндіріс пен тұтыну саласында да белсенді түрде енеді.

Осылайша,коммерция нарықтағы тауарлық-материалдық құндылықтарды немесе қызметтерді бөлу және айырбастауды ұйымдастыруы бойынша қызмет етуін және менеджмент, маркетинг, логистика құралдарын пайдалана отырып, олармен өзара іс-қимыл атқаратынын көрсетеді.

Коммерциялық кәсіпорындардың қызмет түрлерін жоспарлауға, ұйымдастыруға байланысты олардың көптеген айырмашылықтарын қарастыруға болады.

Коммерциялық кәсіпорындардың басты айырмашылығы- коммерциялық емес ұйымдардан қызметтерінің бөлініп алуынуы болып табылады. Демек, қызметтерінің ұйымдастырылуына байланысты өзгешеленеді [8, 15 б.].

Коммерциялық кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдарың басты айырмашылығы - қызметтің ұйымдастырылуына байланысты мақсаттарының әртүрлілігі. Бұл өзгешеліктер мен айырмашалықтар төменгі 2-кестеде көрсетілген.

2 кесте.

Коммерциялық емес ұйым және коммерциялық кәсіпорынның негізгі айырмашылықтары

Көрсетілген кестеге сәйкес, коммерциялық кәсіпорындарды қаржыландыру көздерінің еркін екендігімен қатар, олардың барынша табыс табуды көздейтінін байқасақ болады. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйым мен коммерциялық кәсіпорындардың негізгі мақсаттары, олардың қызмет ету ерекшеліктері, міндеті мен жұмыс істеу көздері көрсетілген. Осы кестеден, коммерциялық кәсіпорындардың негізгі қызмет ету мақсаты-пайда табу және пайда көлемін барынша арттыру екендігін көруге болады.

Коммерцилық кәсіпорындардағы жабдықтау бөлімінің тағы бір айырмашылығы-ұйымдық құрылымында болып табылады. Сатып алу(жабдықтау) бөлімі мен сату бөлімдерінің бір жүйе ретінде қызметтерінің бірлесуі болып табылады. Осыған сәйкес, әрбір қызметтердің орындалу реті бақыланып отырады, ұйымдық құрылымы 2-суретте көрсетілген.

 

3-сурет. Коммерциялық кәсіпорынның ұйымдық құрылымы

 

Суретте көрсетілгендей, сату және сатып алу(жабдықтау) бөлімдерінің орталыққа бағына отырып қызмет ететінін көруге болады.

Коммерцилық кәсіпорындардағы жабдықтау бөлімінің тағы бір өзгешелігі-басым көпшілігінде жабдықтау бөлімінің атқарылатын қызметтері бөлімшелерге бекітілген, олар өз кезегінде коммерциялық директорға бағынады, әмбебап маман тағайындалады. Осы бөлімшелерде шешілетін міндеттердің жалпы жағдайы 4-суретте келтірілген.

 

4-сурет. Коммерциялық кәсіпорынның жабдықтау бөлімшелерінің атқаратын міндеттері

                    

Жоғарыда көрсетілген суретке сай, кәсіпорында логистиканың қарқынды дамуы кәсіпорынның сатып алу бөлімінің жиі логистикалық қызметтерді басқаруынан, оларды ұйымдастырушылық қызметтерін жүзеге асыруынан көрініс табады. Бұл үрдіс сатып алу қызметінің, әдетте, логистика қызметтерінің өкілеттігіне кіретін алдыңғы қатарлы кәсіпорын бизнесін басқарудың ұйымдық құрылымдарын дамытуға сәйкес келеді. Жабдықтау қызметінің іс-әрекеттері кәсіпорынның барлық бөлімшелеріне біріге отырып өзіне тән міндеттерді шешуінен көрініс табады. Мысалы, импорт бойынша жабдықтау заттарын сатып алу үшін жеткізу тізбегін анықтау үшін нақты міндеттер белгіленіп алынады: бағалық(сатып алушыға, сатушыға немесе делдалға көлік, кеден және сақтандыру шығындарын жатқызу), логистикалық экспедиторларды(тасымалдаушыларды) таңдау, логистикалық тәуекелдерді бөлу, жеткізуге арналған шығындарды оңтайландыру болып табылады [10,3б.].

Коммерциялық кәсіпорынның жабдықтау логистикасы 3 деңгейде қарастырылады.

1. Макрологистикалық жүйенің мақсаттарын жүзеге асыра отырып, арнайы байланысты қамтамасыз ету. Осы деңгейде атқарылатын сатып алу қызметтері:

        жабдықтаушылармен шаруашылық байланыстарын орнату;

        тауарларды жеткізуге байланысты техникалық-экономикалық және әдіснамалық мәселелерді келісу;

        жабдықтаушы қызметімен және көлік ұйымдарымен байланыс жасау;

Бұл жерде коммерциялық кәсіпорынның басты міндеті - барлық қатысушылардың іс-қимылдарының келісілуінен қосымша пайда алу, бұл жабдықтау нәтижелеріне белгілі бір оқшауланған объект ретінде емес, тұтас логистикалық жүйенің буыны ретінде қол жеткізуді білдіреді. Көрсетілген мақсатқа уақтылы кезеңде жабдықтаушылардың көмегімен қол жеткізіледі.

2. Кәсіпорын бөлімшелерінің микролостикалық жүйе элементі ретінде қызмет етуі. Бұл кезеңде жабдықтау логистикасы өзге микрологистикалық жүйелермен байланыс орната отырып, жабдықтау, өндіріс, өткізу үрдісін іске асырады. Сонымен қатар, микрологистикалық жүйеде тауар алмасу үрдісі тауардың қозғалынуына байланысты 3жүйеден тұрады.

 

5-сурет.  Дайын өнім мен тауарды  сату кезіндегі босату түрлері

 

Демек, тік жүйе кезіндегі тауар өндірістен тікелей тұтынушыға бағытталады, бұл жүйе аз кездеседі. Ал, эшелонды жүйе барысында кем дегенде бір делдал қатысады. Қазіргі уақытта ең қолданыста көп жүйе икемді логистикалық жүйе болып табылады, сәйкесінше өнім өндірістен тікелей де, делдалдар қатысуымен де іске асырылады.

3. Құрылымы, мақсаты, элементтері анықталған дербес жүйе ретінде.

Бұл кезеңдегі жабдықтау қызметінің тиімділігі мақсат пен міндеттерінің орындалу кезеңінен көрініс табады. Сатып алу қызметі жұмысының сапасын сипаттайтын қызметтер келесі көрсеткіштердің көмегімен бағалануы мүмкін:

                жиынтық сауда айналымы;

                сатып алудың жалпы көлемі;

                өнімнің сатып алу бағасы;

                сатып алынатын өнімнің орташа бағасы;

                жеке сатып алу өлшемдері;

                тапсырыстарды рәсімдеуге және жеткізуге арналған шығындар;

                сатып алу қызметі қызметкерлерінің саны;

                төлем мен жеткізу шарты;

                жеткізу ұқыптылығы;

Яғни, коммерциялық кәсіпорын тек өндірісті тауар немесе өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етіп қана қоймай, тауарлардың нарықта жылжуын көрсетеді. Жабдықтау үрдісіне тікелей қатыса отырып, өзге де қызметтердің іске асырылуын көрсетеді. Коммерцияық кәсіпорынның аталған қызметтерінің тауар нарығымен өзара байланысын 6-суреттен көруге болады.

6-сурет. Коммерциялық кәсіпорынның тауар нарығымен байланысы

 

Аталған бөлімдердің іске асырылуы арнайы үрдістерді қамтиды. Коммерциялық кәсіпорынның сатып алу үрдісі төмендегі қызметтерді қамтиды.

 

 

7- cурет. Коммерциялық кәсіпорынның сатып алу үрдісі

 

Сатып алу үрдісінің іске асуы қажеттіліктерді анықтап, олардың орындалу ретін қадағалау болып табылады. Кәсіпорын үшін қажеттілік  өндірістік-коммерциялық жоспарларына сәйкес арнайы нысанды жоспарланған тауар болып табылады [10, 39 б.].

Коммерциялық кәсіпорындардағы қажеттіліктерді анықтау түрлері мен әдістері өте көп. Біз солардың нарықта тәжірибеде көп қолданылатын түрлерін қарастырамыз. Яғни, коммерциялық кәсіпорын қажеттіліктерін анықтау жолдарын қарастырайық.

 

 

 

3 кесте. Қажеттілікті анықтау түрлері

 

3-кестеге сай, тауарлар мен қажеттіліктердің әртүрлілігін көре аламыз.

Төменгі 4-кестеде кәсіпорынның сатып алу деңгейі бетто және брутто салмағы бойынша есептеледі. Айырмашылығын түсіну үшін кәсіпорынның сатып алу үрдісін мысал ретінде қарастырайық.

 

4 кесте. Брутто-нетто қажеттілік

 

Демек, сатып алу үрдісін жоспарлау немесе өтінім беру кезінде оның қоймадағы қоры ескеріледі екен. Қажетті тауар мөлщерін анықтап, өтінімдер берілген соң, өтінімдерді талдау кезеңі басталады.

 Осы аталған қажеттілікті  жоспарлау үшін түрлі тәсілдер қолданылады.

Коммерциялық кәсіпорындарда материал қажеттілігін айқындау кезінде озық деп танылған 2 тәсіл қолданылады:

1. Материалдардың қажеттілігін есептеу тек қажеттілік тікелей туындаған кезде ғана іске асады;

2.Тауарларды тұтынушымен есеп айырысуларды қарай отырып, болжамды қажеттілік анықталады.

Классикалық түрде қажеттілікті анықтаудың мынадай әдістерін айқындайды:

А) Детерминирленген - екінші және үшінші қажеттіліктерді анықтау үшін қызмет етеді. Осы әдісті іске асыру үшін қажетті ақпарат-дайындау мерзімдері туралы деректерді қамтитын бастапқы деректер, олардың шығын көлемі, артылған қор деңгейі көлемі болып табылады. Бұл тәсіл кезінде экономикалық-математикалық әдіс қолданылады.

Негізгі өндіріс үшін қажеттілік:

 

                                   (1.1)

М- материалдардың қажеттілігі; Н-материалдық шығын деңгейі; i-атауы; j-өнім түрі;

N- өндірістік бағдарлама; n-ассортимент, ал саудамен айналысатын кәсіпорын үшін:

М- сатып алынатын тауарға қажеттілік; Н- өткізу деңгейі; i-атауы; j- ассортименттік  құрамның түрі; N- сауда нүктесінде өнімді сату бағдарламасы; n-ассортимент

 

Б) Қажеттілікті анықтаудың стохастикалық әдістері. Бұл әдістер болжауға негізделген. Болжамдар қысқа немесе ұзақ мерзімге негізделуі мүмкін. Болжау мынадай қатар бойынша орындалуы мүмкін:

1)    уақытша қатарларды талдау;

2)    тұтыну үлгісін анықтау;

3)    әдісті таңдау;

4)    болжамды қажеттілікті анықтау;

Сонымен қатар, коммерциялық кәсіпорындар қажеттіліктерін өтеу барысында сыртқы елдермен де байланыс орнатады. Яғни, халықаралық тауарлар мен қызметтерге жүгінеді. Халықаралық тауарларға тәуелділік түрлі себептерден туындайды:

        тауар мен қызметтердің атаулы елде сатылмауы;

        тауар мен қызмет түрінің ең аз мөлшерде шығарылуы;

        трансұлттық кәсіпорын негізінде бірлесе отырып қызмет етуі;

        жоғары бағалануы немесе тағы да басқа.

          Демек, осы аталған себеп салдарынан кәсіпорын түрлі қызмет түрлеріне жүгінеді. Осы кезеңдегі коммерциялық кәсіпорындардың басты мақсаты-бағаның төмен болуы [12, 47 б.].

Қорыта келе, коммерциялық кәсіпорындардағы жабдықтау жүйесінің негізгі ерекшелігі-тауарды өндіру немесе сатып алумен қатар оны соңғы тұтынушыға жеткізу болып табылады. Соған байланысты да сатылынып алынатын тауарлар түрі мен көлемі қызметтің қай түрімен айналысатындығына тікелей байланысты болып келеді. Коммерцилық кәсіпорындар барынша пайда табуды көздейтіндіктен, өндірістен бөлек, сатып алу - сату қызмет түрлеріне тікелей қатысады.

 

1.3 Жабдықтау көздері мен жабдықтаушыларды таңдау тәсілдері.

 

Жабдықтау көздері бойынша тиімді шешімдер кез келген кәсіпорынның тұрақты жабдықтау қызметінің негізі болып табылады. Жабдықтаушыларға тапсырыс беру бірқатар өлшемдерге байланысты орындалады. Неғұрлым сапалы қажеттілік пен тауарды сатып алу - негізгі міндет болып табылады. Әдетте, сатып алушының шешімі жабдықтаушының сапа, көлем, жеткізу шарттары, баға және қызмет көрсету өлшемдерін қанағаттандыру қабілетін бағалауға байланысты. Жабдықтаушының осы өлшемлерге сәйкес келу қабілетін куәландыратын аса маңызды сипаттамалары ретінде кәсіпорынның беделі, техникалық қуаты мен инфрақұрылымның дамуы, қаржылық жағдайы, ұйымдастыру мен басқаруы, беделі, жалпы қабылданған стандарттарға сәйкестігі, ынтымақтастық дәрежесі, еңбек қатынастары мен географиялық орналасуы да маңызды болып табылады [12, 54б.].

Сатып алуды басқару және жабдықтаушыларды басқарудың логистикалық қызметтерінің міндеттері белгілі бір қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорындарда логистикалық қызметтің міндеттерін орындау әр түрлі мамандарға да, сондай-ақ, әдетте белгілі бір тауар бағытына жауап беретін және тауарлар тобы бойынша жабдықтаушылармен барлық жұмысты жүргізетін бір адамға да жүктелуі мүмкін, осыған байланысты атқаратын міндеттері төменгі 5-кестеде көрсетілген.

 

5 кесте.

Сатып алуды, жабдықтаушыларды басқару қызметінің міндеттері

 

5 кестеде көрсетілгендей, сатып алу үрдісі жабдықтаушылармен тығыз байланысты екендігін көруге болады. Сол себепті, жабдықтау үрдісінің жүзеге асуы жабдықтаушының қатысуынсыз іске асырылмайды.

Сатып алу және жеткізу жөніндегі қызметті жоспарлау, жүзеге асыру өтінім бере отырып, жабдықтаушыны іздеу кезеңінен басталады. Сатып алу және жеткізу көздерін анықтау әр түрлі ақпарат көздеріне сүйене отырып, жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындардың жабдықтаушыларды мұқият таңдай отырып, оларға неғұрлым жоғары талаптар қойып жатқаны белгілі.

 

 8-сурет. Жабдықтаушылардың жіктелуі

 

Осылайша, түрлі талапқа сай жабдықтаушылардың алуан түрлілігін көруге болады. Осыған сәйкес кәсіпорынның басты міндеті жабдықтаушыны таңдап қана қоймай, көрсетілетін қызмет сапасының да жоғары болуын қадағалау керек.

Нарықта өз қызметін ұсынатын  кәсіпорындардың көп болуы таңдау жүйесін аздап күрделендіруі мүмкін, осыған байланысты жабдықтаушыны таңдау мынадай кезеңдерді қамтиды.

1.     Нарықтағы жабдықтаушыларды анықтау;

2.     Тиімді жабдықтаушыларды таңдау;

3.     Рейтингтік анықтау және анықталған жабдықтаушыларды бағалау.

Аталған кезең үрдісі 9-суретте көрсетілген.

  

9 - сурет. Жабдықтаушыларды таңдау кезеңі, атқаратын міндеттері

 

Кәсіпорын үшін жабдықтаушыны бағалау олардың рейтингісін анықтау-ранжирлеу арқылы іске асады. Алайда, бұл бағалау үрдісі тұрақты емес және өзеріске ұшырауы мүмкін, яғни көрсеткіш мәндері әртүрлі болып келеді. Осыған сәйкес, жабдықтаушыларды нарықтық жағдайы бойынша зерттеп болғаннан соң, оларға баға беріле отырып таңдалынады.

Осыған байланысты кәсіпорындар жабдықтаушыны таңдау кезінде түрлі бағалау тәсілдерін  бекітеді, кәсіпорынның басым көпшілігінде, жабдықтаушыға қойылатын талаптар 3-ке бөлінеді:

1)    жабдықтаушыны бағалаудың ұйымдық-экономикалық тобы;

2)    жабдықтаушыны бағалаудың техникалық тобы;

3)    жабдықтаушыны бағалаудың психологиялық тобы;

 

6 кесте.

Жабдықтаушыға қойылатын негізгі талаптар тобы

 

 

«6 кестеде көрсетілгендей», жабдықтаушыларға қойылатын талаптардың, бағалау тәсілдерінің алуан түрлілігін көрдік. Кез келген кәсіпорын осы талаптардың ішінен қызмет түріне келетін белгілері мен артықшылықтарына қарай таңдап алады.

Жабдықтаушыны таңдау мәселесі жабдықтау логистикасының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Себебі, кейбір зерттеулер көрсеткендей, әлемнің көптеген компанияларында сапаға байланысты мәселелердің кем дегенде 50%-ы жабдықтаушылар қамтамасыз еткен тауарлар мен қызметтерге байланысты екен. Сондықтан жабдықтаушыны таңдау міндетін тиімді шешу кез келген кәсіпорынның тұрақты жабдықтау жүйесін құру және табысты жұмыс істеу негізі болып табылады [12, 11б.].

Кәсіпорынның жабдықтау көзі таңдалып болған соң, бағалау кезеңі басталады.

Ресми түрде жабдықтаушының R рейтингі төмендегі формуламен есептеледі.

 

R = CiXi,       (1.2)

 

мұнда N – жабдықтаушыны бағалау көрсеткіштерінің саны;

ХІ-көрсеткіштің үлес салмағы (%);           

Ci-деректермен қамтамасыз етілетін осы көрсеткіш шамасының баллдық бағалануы.

 

Айта кетерлігі, Ci және Xi бағалауы  толық сенім білдірген жағдайда да, олардың рейтингтеріне сәйкес, жабдықтаушыларды таңдау туралы шешім оны қабылдайтын тұлғалар үшін тек қосымша ақпарат болып табылады. Бұл көрсеткіштердің салыстырмалы мәні бастапқыда экспорттық жолмен анықталса да, соңғы шешім шешім қабылдаған тұлғаның еркінде қалады.

Ресми түрде бағалау жүйесінің негізгі көрсеткіштері.

1. Сапаны бағалау.

Әдетте, жабдықтаушының қызметін сапа тұрғысынан бағалауға көп көңіл бөлінеді, соның салдарынан сапаны түзеу әрекеттері де қарастырылады.

2.Жеткізу уақытын бағалау.

Жабдықтаушыны таңдау кезінде сапамен қатар, жеткілуге кеткен уақыттың да ескерілетіні анық. Себебі, жеткізілуге кеткен уақыт мөлшерлемесі белгілі бір тәртіпке сай уақытты құрауы тиіс. Себебі, тауарлар мен қызметтердің белгіленген уақыт мөлшерінде жеткізілмеуі тауардың сапасы мен дайындалу уақытына да әсер етеді. Мысал ретінде, өндірістік кәсіпорынның қызметін қарастырайық. Яғни, тауар пен қажеттілік өз мерзімінде жеткізілмесе, өндіріс уақытша тоқтатылуы немесе мүлдем тоқтауы мүмкін.

Осыған байланысты,жабдықтаушы рейтингі құрастырылады, осы рейтинг бойынша бағаланады

 

7 кесте.

Жабдықтаушы рейтингі

 

3.Баға

Бағалар жағдайы оңай бақыланады, себебі екі тарап келіскен баға мен жабдықтаушының шотында көрсетілген баға арасындағы сәйкессіздік кез келген жағдайда сатып алу бөлімінің назарына ұсынылуы тиіс.

4.Қызмет көрсетуді бағалау.

Қызмет көрсетуді бағалау да маңызды рөл атқарады. Бұл кезде техникаларының сапасы, көмек көрсету деңгейі, қызмет көрсетуші маманның біліктілігі туралы пікір жинауы қажет.

5. Бағалаудың басқа да көрсеткіштері.

Жабдықтаушылардың тізімін қысқартудың, жабдықтаудың стратегиялық көздерін іздестірудің және негізгі жабдықтаушылармен неғұрлым тығыз қарым-қатынас құрудың үрдісі жабдықтаушылардың беделінің өсіп келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, тұрақты жақсарту жұмыстары да іске асырылады.

Рейтингтік бағалау әдісін жабдықтаушыны таңдаудың ең көп таралған әдісі деп санауға болады. Жабдықтаушыны таңдаудың негізгі ережелері таңдалады, бұдан әрі сатып алу қызметінің қызметкерлері немесе тартылған сарапшылар олардың маңыздылығын сараптау жолын белгілейді. Тиісінше, жабдықтаушыны таңдау кезінде бірінші орынға жеткізу сенімділігі қойылады. Бұл өлшемнің үлес салмағы ең үлкен болады.

Жабдықтаушының сараптамалық баллдық бағасына (мысалы, 10 баллдық жүйе бойынша) өлшемнің үлес салмағын көбейту жолымен әрбір сын бойынша рейтинг мәні қосылып есептеледі. Әр түрлі жабдықтаушылар үшін рейтингтің алынған мәндерін салыстыра отырып, ең жақсы серіктесті анықтайды. Бұдан әрі алынған рейтинг мәндерін барлық өлшемдер бойынша жинақтайды және нақты жабдықтаушы үшін қорытынды рейтинг алады. Егер рейтингтік баға негізгі өлшемдер бойынша екі немесе одан да көп жабдықтаушылар үшін бірдей нәтиже берсе, онда қосымша бағалау көрсеткіштерін пайдалана отырып қайталайды немесе маман көмегіне жүгінеді [15].

 

8 кесте.

Жабдықтаушыны таңдаудың негізгі өлшемдері

 

Бейресми бағалау жабдықтаушы мен сатып алушы кәсіпорнының барлық бөлімдерінің қызметкерлері арасындағы жеке байланыстарды бағалауды қамтиды. Бұл байланыс арқалы ақпаратты жинау арқылы бағалау көрініс табады. Тексеру және өзінің жеке әсерлерімен салыстыру кезінде, кәсіби кездесулерде, жиындарда және бұқаралық ақпарат құралдарында алынған кез келген пайдалы ақпарат болуы мүмкін, қвзіргі уақытта жабдықтау көздерін бағалау осы әдіспен де іске асады.

Жоғары аталған тәсілдерден бөлек, жабдықтау кезіндегі негізгі көрсеткіш-жабдықтаудың сенімділігі болып табылады. Кез келген тәсіл таңдалынып алынған жағдайда да, сенімділік ең маңызысы болып табылады,

5-кестенің жалғасы

л төмендегі формула бойынша анықталады:

 

P=1-Pқ                         (1.3)

мұндағы, Р-жеткізу ықтималдығы, Рқ-өтінімді қабылдамау ықтималдығы

Жабдықтау сенімілігін анықтаудың қосымша мынадай жолдары қарастырылады:

1.     жоспар бойынша жеткізілім күні мен нақты жеткізілім күнін бақылау;

2.     кешігу уақытын анықтау;

3.     келіп түскен тауар мен жоспарланған тауар көлемін салыстыру;

4.     жеткізілмеген тауар көлемі анықталады

 

 ;         (1.4)

мұнда,  – жеткізілмеген тауар саны,-нақты жеткізілген тауар саны, -жоспарда көрсетілген тауар саны;

5.     тауар жеткізілмеген жағдайда кешігу уақыты анықталады

 

                     t ;                                  (1.5)

мұндағы, t-тауар жетуізілмеген жағдайдағы кешігу уақыты, q-бір күндік орташа тауар шығыны;

6.     кешігудің жалпы уақыты анықталады

 

  ;                        (1.6)

мұндағы, н күнге қатыссыз кешігу уақыты;

7.     өтінім қайтаруға қатысты жағдайды анықтау

8.     қайтарым уақыты есептелінеді

 

                                      To=(T-on)/n;                             (1.7)

мұндағы,Т-сол кезеңдегі күн саны, n-қайтарым саны;

9.     қайтарым  қарқындылығы анықталады

 

                        ח=1/Ton ;                                     (1.8)

10.  жеткізу дайындығының коэффициенті анықталады

 

                        Km=(T-on)/T;                        (1.9)

11.  жеткізу  сенімділігі анықталады

 

                                       Р=Km*;                                 (1.10)

 

Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар жабдықтаушы туралы ақпарат көзін қарастыратындықтан, оның жеткізу сенімділігін оңай анықтай алады. Коэффицент жоғары болған сайын, сенімділік те артады [16, 78б.].

Қорыта айтқанда, жабдықтаушыларды бағалау-бұл үздіксіз әрі, маңызды үрдіс болып табылатынын көруге болады. Ол үшін қазіргі уақытта нарықта бар жабдықтаушылардың қызметін қадағалау қажет. Жаңа жабдықтаушыларды таңдау кезінде олардың қызметін, ынтымақтастық жағдайын, нарықтағы орнын, тағы да басқа көрсеткіштері ескеру керек. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер кәсіпорынның стратегиялық жоспарларын сай таңдалатындығы анық.

 

II-БӨЛІМ. «CENTECH» ЖШС-нің ЖАБДЫҚТАУ ЛОГИСТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

 

2.1 «CENTECH» ЖШС сипаттамасы, құрылымы, экономикалық көрсеткіштері

 

Кез келген кәсіпорынның нарықтағы орны оның құрылымынa,  нысaнынa, aйрықшa eрeкшeліктеріне, мақсатына, жоспарларына байланысты анықталады. Сондықтaн, кәсіпорынды талдау арқылы оның ұйымдастырылу дәрежесі мен деңгейіне баға бере аламыз.

Мемлекеттік мекеменің толық атауы - Атырау қаласы, «CENTECH» ЖШС.

«CENTECH» ЖШС 2013 жылы «Centrasia Group» өнеркәсіптік холдингінің өндірістік және саудалық бөлігі ретінде құрылды. 2015 жылдың 5 наурызында IEC 61439-1/IEC 61439-2 стандарттарының талаптарына сәйкестігін сертификаттаудан сәтті өтті, осыған сәйкес бизнес сәйкестендіру нөмірі №130140013704. Мекеменің тұрғылықты мeкeн-жaйы:Батыс Қазақстан облысы, Атырау қаласы, Береке шағын ауданы, №13 үй.

Қазір бөлімді  2014 жылдан бері Сердалиев Нұрлан Өтегенұлы басқарып келеді. Бөлімде 52 қызметкер жұмыс істейді [17, 4б.].

«CENTECH» кәсіпорнының басшысы мекеменің жұмыcтaрын бacқaрaды, сонымен қатар ұйымдacтыруды жәнe қoйылғaн міндeттeрдің oрындaлуы мeн қызметтердің іcкe acуынa жaуaп бeрeді.

 

9 кесте.

«CENTECH» ЖШС-нің  бөлім басшылары

Кәсіпорын өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша заңды тұлға болып табылады, өз атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық ұйымдарда шоттары ашылған. Кәсіпорын қызметін каржыландыру - жеке қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

«CENTECH» кәсіпорны-электротехникалық бұйымдарды өндіру, болаттан жасалған құбырлар, электр тарату қалқаны, контейнерлер, өрт сөндіру жәшігі, құбыржолдар, кабель, мотор және фитингтерді өндіру және сату,  құраушы және жинақтаушы заттарды сатып алу-сату, сонымен қатар электротехникалық өнімнің кең көлемін ұсынатын жас, дамыған және сенімді кәсіпорын болып табылады. Сонымен қатар, кәсіпорын өз тауарларын жалға беру арқылы да табыс табады. «CENTECH» кәсіпорны Қазақстанның батыс аймақтарында көшбасшы болып табылады. Кәсіпорын өз өнімдерін «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» сияқты ірі компанияларға сатады. «CENTECH» кәсіпорны Қазақстан Республикасы, Атырау қаласында орналасқан және 100% жергілікті кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын қызметі жүйеге негізделген қағидалар бойынша қызмет атқарады [18].

«CENTECH» кәсіпорнында жүйелік қағидаларды орындау келесі шарттарға байланысты болады:

                жүйедегі шешім қабылдау үрдісі алдын-ала нақты мақсат анықталғаннан кейін барып басталуы қажет;

                қарастырылып отырылған, шешуді талап ететін мәселені немесе олардың тобын жүйе тұрғысынан қарастырып, тиісті талдауды жүргізу қажет;

                логистикалық құрылымдық бөлімшелердегі мақсаттарға жету жолдарының әртүрлі баламаларын іздестіру қажет және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау қажет;

                логистикалық жүйенің ішіндегі кіші жүйелердің мақсаттары мен қызығушылықтары жалпы жүйенің мақсаттары мен қызығушылықтарына қайшы келмеуі тиіс;

                жүйедегі байланыстарды нығайтуға ұмтылу арқылы жүйеішілік біртұтұтастыққа ұмтылу .

Кәсіпорынның тауарларды сақтау және сату үрдісі кезінде қоймалық жүйелерді қолдану да айтарлықтай маңызға ие. Себебі, олар жеткізу үрдісіндегі қоймалық жүйелердің сақтау жағдайларына бейімделу мүмкіндігін, қазіргі технологиялар сипатындағы қызмет көрсету мүмкіндігін, жүйелік ұйымдастыру қағидаларын оңтайлы түрде бейімдеуін, әмбебап құрал-жабдықтар мен арнайы құрал-жабдықтарды нақты қалыптасқан жүйеге сәйкес қолдануды қамтиды. Жеткізу үрдісін логистикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып, талдау, жоспарлау, болжау, сүйемелдеу, есепке алу, түгендеу үрдістерін логистика қағидалары бойынша жүргізу ерекше маңызға ие екені анық.

Кәсіпорын тұрғысынан жалпы логистикалық қағидалар келесілерді қамтиды:

                материалдық ағындардың кәсіпорын құрылымы және оның ортасы бойынша жылжу үрдісін жетілдіру;

                кәсіпорын бөлімдерін дер кезінде ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету;

                кәсіпорын стратегиясын логистикалық стратегиямен және оның ішінде қойма логистикасымен байланыстыру;

                маман еңбегін оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылу;

                логистикалық жүйе қызметін тиянақты ұйымдастыру;

                логистикалық қызметтер деңгейін тиімді түрде қалыптастыру арқылы өндіріс немесе қызметтің рентабельділік деңгейін арттыруға ұмтылу;

                қаржылық есептіліктер негізінде логистикалық жүйеден түсетін табыстарды ескеру;

                серіктес кәсіпорындармен тығыз байланыста болуды қамтамасыз ету;

                қызметтер сапасын әрдайым қатаң бақылау;

                тауар топтарын ірілендіруге тырысу.

 «CENTECH» кәсіпорнының міндеті:Адамзат игілігі үшін бизнес жүргізудің ең жоғарғы стандарттарын ескере отырып, тұтынушыларға тиімді және жоғары сапалы тауар мен қызмет түрлерін ұсыну.

Мақсаты:Кәсіпорынның стратегиялық мақсаты – жоғары сапалы құрал-жабдықтармен төмен бағада қамтамасыз ету.

«CENTECH» стратегиясының шеңберіндегі негізгі міндеттер мыналар:

                Өндіру және сату, жабдықтау қызметтерін  көрсету;

                Қазақстанның логистикалық саласында жергілікті кәсіпорынның көшбасшысы болу;

                Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына белсенді үлес қосу.

Кәсіпорынның 2000 шаршы метр аумақты қамтитын өндірістік базасы бар. Сонымен қатар, әр түрлі ғимараттар мен құрылыстардың электр жабдықталуын орындаудың заманауи әдісі қолданылады, оның ерекшелігі- қарапайым және үнемділік болып табылады. Кәсіпорын жоғары өнімді жабдықтарда мырышталған және ыстықтай мырышталған металл түрлерін қолданады, осылайша өндірілетін өнімнің жоғары сапасын, бәсекеге қабілетті бағаны және тұтынушылардың ең ірі қажеттілігін қанағаттандыру қабілетін қамтамасыз етеді.

Негізгі қызмет-тапсырыс берушілерді түрлі қызмет мақсаттарына арналған тауар және өнімдермен қамтамасыз ету болып табылады. Барлық өндірілетін, сатылынатын өнім белгіленген сертификаттау ережелеріне сәйкес келеді, бұл сенімділік пен жоғары сапаның кепілі болып табылады. Сапалы өнім жасау үшін кәсіпорын сынама пресс, қию және кесу станоктары, сондай-ақ бояу және құрастыру желілері, тағы да басқа заманауи жабдықты пайдаланады. Кәсіпорынның негізгі атқаратын қызметтері төменгі 10-суретте көрсетілген [19, 15б.].

 

10-сурет. «CENTECH» кәсіпорнының атқаратын негізгі қызметтері

Ecкepту:[19] әдeбиeт мәліметтері нeгiзiндe aвтopмен құpacтырылған.

 

10-суретке сай, кәсіпорынның тек өндіріс бағытымен емес, сатып алу-сату қызметімен айналысатынын көрсек болады. Оның үстіне, коммерциялық кәсіпорынның құрамына өндірістік кәсіпорындар да кіретіні анық. Себебі, тауар сатып алады, өндіреді, сатады. Демек, түсетін табыс пен пайда көздері бар.

Кәсіби жұмысының арқасында, қысқа мерзім ішінде «CENTECH» SICIM, GATE, KPJV, ISKER, MGK, KSS және басқа да танымал отандық және шетелдік кәсіпорындармен жақсы қарым-қатынас орнатты. «CENTECH» өндіріс тиімділігін арттыру және өз тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін озық технологияларды одан әрі енгізуге бағытталған. Бұл технологиялар нарықта жыл сайын жаңарып немесе тағы да одан бөлек түрлерінің пайда болуы қолдану аясын кеңейтіп  отырады. Демек, озық технологиялардың қолданысы тұтынушыны тартып қана қоймай, оны ұстап қалуға, сонымен қатар, сатылатын тауар мен өнімге деген қойылатын талап пен ережелердің орындалу реттілігінің жоғары әрі сапалы болуын көрсетеді.

Жоғарыда, кәсіпорынның арнайы сапа стандарттарынан өткенін атап өткен болатынмыз. Яғни, бұл сапа стандарттарынан өту арқылы кәсіпорыннан сатылатын тауардың сапалы әрі тиімді екенін көрсетеміз. Сапаға қойылатын стандарттардың мерзімі мен түрлері әртүрлі болып келеді. Ол арнайы ережелер мен талаптарға сай беріледі, жарамдылық мерзімі өткен жағдайда ұзартылуы немесе басқа сапа стандарттарынан өтуіне болады. Сапа стандарттары өндіріліп және сатылынып жатқан тауар мен қызметке деген жауапкершіліктің болуын көрсетеді, бұл өз кезегінде тұтынушылардың назарын аудартады [18].

«CENTECH» кәсіпорнының арнайы өткен сапа сертификаттары 10-кестеде көрсетілген.

10 кесте.

«CENTECH» кәсіпорнының сапа сертификаттары

 

Құжaт aйнaлымы кәсіпорын қызметкерлерінің міндетті түрде орындайтын, құжат қозғалысының дәйектілігін, атқарушылардың тізімін, есептіліктілік мерзімін, оған сай қаражат деңгейін көрсетеді.

Кәсіпорынның бас директоры кәсіпорынның қызметін тұтастай ұйымдастырады:кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен пайдалылығын қамтамасыз етеді; кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен пайдалылығын арттыру бойынша жоспарларды әзірлейді және іске асырады; мамандарды іріктеуді жүзеге асырады (әңгімелесу өткізеді, міндеттермен таныстырады); қызметкерлерді жұмысқа алу-шығару мен көтермелеуді қолдану бойынша құжаттарды дайындайды; жабдықтаушылармен шарттық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді; күнделікті тауар және есептерді талдайды және қорытынды жасайды.

Сатып алу және сату бөлімінің мамандары нарық құрылымын, қажеттілік пен сұранысты зерттейді, осыған байланысты өнімге тапсырыс қалыптастырады және өнімді сатады, жабдықтаушылармен және тұтынушылармен келіссөздер жүргізеді, тауарды қадағалайды, қабылданған және босатылған тауардың сапасын бағалайды.

Сапа жөніндегі инженер қойма жұмысын жоспарлайды, қойма қызметкерлерінің қызметін ұйымдастырады, оларды бақылайды, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Бухгалтерия бөлімінің мамандары келесі қызметті орындайды: кәсіпорындағы қаржы ағыны бойынша апта сайынғы есептілікті қалыптастырады; қолма-қол қаражатпен жұмыс істейді және оларды банкке береді; бухгалтерлік құжаттаманы жүргізуді және ай сайынғы есептерді жасауды жүзеге асырады; жалақыны есептейді және береді; кредиторлық берешекті бақылайды; 1С жүйесінде қаржылық есептерді бас кеңсеге беру үшін салық салудың жалпы жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Тұтынушымен жұмыс жасаушы маман өнімді өткізуге шарттар жасаумен айналысады, тұтынушыны іздестірумен айналысады, сату көлемін жоспарлайды, қоймада тауарлардың болуын бақылауды жүзеге асырады.

Қойма қызметкерлері тауарды сұрыптап қабылдау, есепке алу, енгізу, кітап қорын толықтыру секілі қызметтерді енгізеді. Тауардың айналымын, қозғалысын бақылап, оны кітапшаларға тіркейді [20, 47б.].

Cапалы түрде мекеменің қызметіне талдау жасау үшін, ең алдымен кәсіпорынның техникалық, экономикалық көрсеткіштерін, мүліктік жағдайын, кәсіпорынның қаржылық жағдайын, жұмысшылардың қызмет құрамына бағалау қажет. Сәйкес талдау 11-кестеде көрсетілген

 

11 кесте.

«CENTECH» ЖШС жұмыс істейтін қызметкерлер құрамының өзгерісі

 

11 кестеде көрсетілгендей, жұмысшылардың құрылымы бойынша талдау келтірілген.

Кестені талдай отырып, қызметшілердің жалпы санының 7 адамға артқанын атап өтуге болады, сонымен қатар негізгі сауда мамандарының 2 адамға артуы байқалады, сондай-ақ техникалық қызметкерлер санының 4 адамға өсуі байқалады, бұл сатып алу ағынының ұлғаюымен. Есептеу нәтижесінде алынған мәліметтерді сызба ретінде 11-суретте талдайық.       

 

                 

11-сурет. «CENTECH» ЖШС жұмысшы құрамының өзгерісі, адам саны

Ecкepту:[18] әдeбиeт мәліметтері нeгiзiндe aвтopмен құpacтырылған.

Сонымен қатар, кәсіпорынның жұмысшылар күшінің қозғалыс көрсеткішінің өзгерісі 12-кестеде көрсетілген.

 

12 кесте.

«CENTECH» ЖШС-нің жұмыс күшінің қозғалысының өзгерісі

 

Жұмыс күшінің қозғалысын сипаттау үшін келесі көрсеткіштердің динамикасын есептейміз және талдаймыз:

1. Қызметкерлерді қабылдау бойынша айналым коэффициенті жұмысқа қабылданған жұмысшы санының жыл соңындағы жұмысшы санының тізімдік орташа санына қатынасы ретінде есептеледі:

2017 жылы ол 0,08, ал 2018 ж.– 0,1 және 2019 жылы 0,15-ды құрады, бұл 2017 ж. салыстырғанда 2019 ж. мамандар санының айтарлықтай артуын көруге болады.

2. Шығу бойынша айналым коэффициенті жұмыстан босатылған қызметкерлер санының жыл соңындағы санының орташа тізімдік санына қатынасы ретінде есептеледі:

2017 жылы ол 0,2, 2018 жылы-0,04 құрады және 2019 жылы 0,08-ді құрады. Бұл 2019 жылы шыққан қызметкерлер санының төмендегенін және қызметкерлер санының салыстырмалы тұрақтылығын көрсетеді.

Кәсіпорынға қажетті тауар мен сатылатын тауар түрлерін есептеу үшін белгілі бір тауар ассортиментін қалыптастыру арқылы жүзеге асырады. Тауарларды өткізу үрдісі өз кезегінде қатаң бәсекелестіктің болуымен сипатталады. Себебі, нарықта тауар мен қызмет ұсынатын компаниялар өте көп.

Сонымен қатар, кәсіпорынның тауардың өзіндік құнына кіретін шығын мөлшері де маңызды болып келеді, себебі, пайда көлемі тауардың өзіндік құнымен тікелей байланысты.

13 кесте.

«CENTECH» ЖШС –нің  2017-2019 жылдардағы шығын көлемі, теңге

                

13 кестеде көрсетілгендей, 2018 ж. шығындардың жалпы сомасы 23% – ға немесе 55.197237 теңгеге өсті, 2019 ж.шығындардың өсуі 8,5% - ды немесе 38.171500 теңгені құрады. 2017 жылдан 2019 жылға дейін шикізатқа жұмсалатын шығындардың, электр энергиясына жұмсалатын шығындардың, амортизацияның салыстырмалы ұлғаюы жаңа сауда жабдығын пайдалануға беру және энергия көзіне арналған тарифтердің ұлғаюы есебінен болды.

Зерттелетін кезеңге еңбекақы төлеу шығыстарының ұлғаюы жаңа жұмыс орындарының құрылуымен және жыл сайынғы жалақы мөлшерінің өсуімен байланысты. Басқару үрдісін компьютерлендіру жұмысшы санның   қысқаруына әсер етпеді. Төменгі 11-суретте кәсіпорынның  шығын құрылымы бейнеленді.

 

 

12- сурет. Кәсіпорын айналымының шығын құрылымы, пайыз

Ecкepту:[21] әдeбиeт мәліметтері нeгiзiндe aвтopмен құpacтырылған.

Жоғарыда көрсетілген кестеге сай, кәсіпорынның шығын көлемін үнемдеуін табамыз:

2018ж.:313.500962-258.303725=55.197237 теңгеге шығындардың артуы байқалады

2019ж.:351.672662-313.500962=38.171500теңгеге шығын көлемі артуы байқалады.

2018 жылы шығындардың артық жұмсалуы байқалғандықтан, 2019 жылға қарай кәсіпорын шығыстар сомасын қысқарту жөнінде шаралар қабылдады, бұл есептен көрінеді, яғни 2019 жылы 17.025737 теңге мөлшерінде шығындар үнемделгені байқалады.

Сурет көрсетіп отырғандай, шығындардың негізгі үлесі тауарларды сатып алу шығындарына – 67% және шығыстардың екінші ірі түрі– еңбекке ақы төлеу шығындарына – 25% тиесілі. Қосымша материалдар үшін үлес 1% -тен аспайды.

Жоғарыда көрсетілген шығындарды ескере отырып, тауар  өндірісі мен тауарды сатудан түскен түсім мен пайданы есептеу арқылы кәсіпорынның жылдық табысын есептей аламыз. Бұл төменгі 14-кестеде есептелініп көрсетілген.

 

14 кесте.

«CENTECH» кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсетілген кестедегі суреттегі есептеулер жылдық кезең бойынша сипатталанып көрсетілген.  Коммерциялық ұйымдардың ережесіне сәйкес, пайда>өзіндік құн ережесі сақталуы тиіс. Демек, кәсіпорын барынша пайданы көздейді, пайда табады. Соған сәйкес, кәсіпорынның табысы есептелінді, төменгі суретте жылдық кезең бойынша айырмашылықты қарастырайық.

Осыған сәйкес, кәсіпорын қызметінің маңыздылығы сатудан түскен пайда мөлшерінің артық болуымен сипатталады, бұл өз кезегіне коммерциялық кәсіпорындардың нарықтағы басты міндеті болып табылады.

Кәсіпорынның сатудан түскен пайда, өзіндік құн,түскен түсім арасынағы өзара байланысты 13-суреттен қарастыруға болады.

14 - сурет. Сатудан түскен түсім, өзіндік құн және пайда өзгерісі, млн теңге

Ecкepту:[21] әдeбиeт мәліметтері нeгiзiндe aвтopмен құpacтырылған.

 

15-суреттің деректері бойынша кәсіпорынның рентабельділігі көрсеткіштерінің өзгерісін байқауға болады.

 

 

15 - сурет. «CENTECH» ЖШС өнім мен сатылым рентабельділігі, пайыз

                 Ecкepту:[21] әдeбиeт мәліметтері нeгiзiндe aвтopмен құpacтырылған.

 

15–суреттің деректерін талдай отырып, өнімнің рентабельділігі 2017 жылы 123% – ға, сатылым рентабельділігі 55,2% - ға, 2018 жылы өнім рентабельділігі 103% –ға, сатылым рентабельділігі 47%, ал 2019 жылы өнімнің рентабельділігі-104% , сатылым рентабельділігі 50,62%-ға артқанын көруге болады. Рентабельділік деңгейінің артуы өнімді сату көлемінің артуы және кәсіпорынның айналым активтерінің өсуі есебінен болды.

 

2.2 «CENTECH» ЖШС-нің сатып алу үрдісін жүзеге асыру кезеңдері, жабдықтаушыны таңдау және бағалау көрсеткштері

 

«CENTECH» ЖШС заңнамаға сәйкес нарықты тауарлармен және қызметтермен толықтыру, сондай-ақ пайда алу мақсатында құрылған тікелей сату, өндіру, өндірілген тауарды сату кәсіпорны болып табылады.Кәсіпорын пайда табу жолын өндіріспен байланыстырады. Яғни, кәбілдік лотоктар мен оларға арналған аксессуарлар, тарату шкафтары мен басқару панелдерін, құбырлар, стеллаждар, моторлар өндіреді, дайын өнімді сату арқалы барынша пайда табуды көздейді.

Кәсіпорын өнімдерді мырышталған, тот баспайтын металдардан жасайды. Бұл жерде басты талап тұтынушының талғамы бойынша жасалынады, мысалы ыстық мырышталған өнім қажет болса, қара металдан жасалған бұйымдарды, егер жеке тапсырыс берген жағдайда CT-KZ сертификатын дайындап береді [22, 7б.].

«CENTECH» кәсіпорны қызметінің негізгі түрлері:

                металл біріктіру-құрауға арналған тауарларды сатып алу-сату;

                кабель, лоток, құбыр оларға аксессуарлар, шкафтар, басқару панелі, стеллаждар  моторлар өндірісі ;

                өндірістік тауарларды бөлшек және көтерме сауда бойынша сату;

                құрылғыларды жалға беру немесе лизинг бойынша сату;

Өнімді нарыққа жылжыту тізбегінде «CENTECH» кәсіпорны бір уақытта екі рөлді – тұтынушы мен жабдықтаушы қызметін атқарады. Бір жағынан, кәсіпорын өзінің негізгі тұтынушылары талаптарын орындауға, екінші жағынан – осындай талаптарды өз жабдықтаушыларына көрсетуге міндетті. 

Атап өткендей, кез келген кәсіпорын оны қамтамасыз етуші кез келген кәсіпорынның тауарлары мен қызметіне мұқтаж. Себебі, бірін-бірі жабдықтау немесе тауар сату арқылы нарық өз-өзін реттейді, яғни қажеттіліктерін өтейді.

Коммерциялық кәсіпорынның қызметі жоғары пайда табу мақсатын көздейтіндіктен, ол тек тауарды өндіріп қана қоймай, тауарларды сату қызметтерін атқарады. Яғни, сатып алу-сату, сатып алу-өндіріс-сату үрдісі негізінде қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта көптеген отандық кәсіпорындардың ұйымдық басқару үрдісі кезінде 2 үлгісі қарастырылады:

          1)орталықтандырылған;

          2)орталықтандырылмағын.

Екі үлгінің айырмашылығы ұйымдастыру және қызметтер мен бөлімдердің байланысын, іске асырылу біркелкілігін көрсетеді. Сонымен қатар, әр бөлімге жауапты маман тағайындалады, олардың іс-қимылына есеп беріліп отырылады.

 «CENTECH» кәсіпорнында жабдықтау үрдісі орталықтандырылған жүйе бойынша жүзеге асырылады, яғни әрбір кезеңге жауапты мамандар тағайындалады [23, 9б.].

 

28-сурет. Тендерлік сауда-саттықты өткізудің бизнес-процесінің схемасы

 

Ұйымдастырушы-коммерциялық ұйымдарда сатып алу қызметін қолдауды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, жүйені деректер базасына қосуды жүргізеді және осы қосудың параметрлерін анықтайды, қатысушыларға шақыруларды және сарапшыларға хабарландыруларды тарату үшін баптауларды белгілейді, жүйедегі құқықтарды белгілейді, кесте бойынша регламенттік жұмыстар тізбесіне сәйкес регламенттік жұмыстарды орындайды.

Хатшысы тендерлік сауда-саттықты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, тендерге қатысуға шақыруларды құрады, қатысушыларға шақырулар мен сарапшыларға хабарламалар жіберуді жүзеге асырады, сатып алу жүргізілетін ұйымдардың дерегін анықтайды, нақты тендер үшін қатысушыларды таңдауды жүргізеді, жеңімпаз туралы есепті қалыптастырады.

Жабдықтаушы тендерлік сауда-саттыққа қатысуға шақыру алған жағдайда,

жүйеге кіру және ұсынылған тендердің параметрлерін қарау, өзінің коммерциялық және техникалық ұсыныс енгізу, тендердің барлық позициялары бойынша ұсыныстар енгізу секілді қызмет атқарады.

Техникалық сарапшы-қатысушылардың барлық техникалық ұсыныстарын қарайды және техникалық сарапшылар үшін белгіленген өлшемдер бойынша баға қояды.

Коммерциялық сарапшы-қатысушылардың барлық коммерциялық ұсыныстарын қарайды және өлшемдер бойынша баға қояды,

Хатшы тендерді ұйымдастыру үшін қажетті ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді. Қатысушы жүйеге ресурстардың бағасы мен жеткізу мерзімдері туралы ұсыныстар енгізеді және жоғары хатшысына бағалау үшін қажетті ақпаратты ұсынады [28].

Ұсыныстарды алғаннан кейін хатшы ұсыныстарды алғандығын растайды, қатысушылардың ұсыныстарын өзгертуге тыйым салуды белгілейді және сарапшыларға шақыру жібереді. Шақыру алған сарапшы қатысушылардың ұсыныстарын бағалауды жүргізеді. Барлық сарапшылар ұсыныстардың бағасын алғаннан кейін хатшы өзгеріс енгізуге тыйым салады, өңделетін ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін коммерциялық ұйымдарда сатып алу қызметімен қол жеткізу құқығын бөлу матрицасы әзірлененді.

 

27-кесте

Тендерге қатысушы мүшелерінің құқықтары

 

Әдетте, бұл жабдықтаушылар арасындағы осындай жобалар тегін ұйымдастырылады, барлық жағдайда төмен бағамен тауар мен қажеттіліктерді сатып алу артықшылығына ие болады. Оған дәлел ретінде, кейбір отандас кәсіпорындардың сатып алуға бөлінетін қаражаттың төмендеу деңгейі 26-кестеде көрсетілген.

 

28  кесте.

Жабдықтаушылар арасында жарыс өткізудің баға өзгерісіне әсері

27 кестеде көрсетілгендей, жабдықтау үшін сатып алу бағасының орта есеппен 18% - ға төмендейтіндігін көрсек болады.

Жабдықтаушыларға арналған бұл жүйелер төмендегідей артықшылықтарға ие:

        жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді келісім жасасу;

        негізгі жабдықтаушылармен электрондық деректер алмасу;

        шетелдік тауарды қолдану деңгейі төмендеуі;

        жабдықтаушылармен өзара байланыс орнатылуы.

Қорыта келе, коммерциялық кәсіпорындарда сатып алу қызметін ұйымдастырудың автоматтандырылған жүйесін қолдану сатып алу шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беретінін атап өтуге болады. Себебі, коммерциялық кәсіпорындардың басты мақсаты-пайда табу болғандықтан, шығын мөлшерінің төмендеуі де пайда көлемін арттырады. Бұл жүйелердің коммерциялық кәсіпорындарда қолданысы қорғалған режимде жұмыс істейді, сол себепті, ақпараттың таралып кету қауіптілігі аса жоғары емес. Жүйе әмбебап болып табылады және кәсіпорынның сатып алу қызметінің түрлі ерекшеліктеріне бейімделуге қабілетті. Ең бастысы, қолдану оңай, тәуекел деңгейі төмен, кез келген қызметкер үйренуіне оңай.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дипломдық жұмыстың жазылуы кезінде анықталған мәлімет көздері көрсеткендей, жабдықтау логистикасының коммерциялық кәсіпорын үшін негізгі маңыздылығын көруге болады. Нарықтағы кәсіпорындарда сатып алу көлемі мен оны жоспарлы пайдалану қызметі маңызды болып табылады. Сатып алу кезіндегі талаптардың орындалуын қадағалай отырып, олардың өзгерісін бақылап отыру жабдықтаушылардың қызметін бағалау кезіндегі негізгі қызметтерді атқарады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі уақытылы маркетингтің жүргізілуін, тұтынушының, өз қызметкерлері мен жабдықтаушылардың талаптарды қанағаттандыруды, өнімділік пен сатылым тиімділігін арттыруды талап етеді. Кәсіпорынның бұл мақсаттары басшылықтың сапаға, санға және деген талаптарын күшейтеді және сатып алу үрдісіне елеулі әсер етеді.

Демек, кәсіпорынның жабдықтау қызметінің негізгі қызметі логистиканың негізгі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қажетті тауарды, дәл мерзімде, сол уақытта, төмен шығын көздерімен жеткізу болып табылады. Нарықтағы коммерциялық кәсіпорын қызметі үшін жабдықтау логистикасы тауардың сапасына тікелей әсер етеді. Шетелдік тәжірибеде көрсетілгендей, өндіріспен айналысатын кәсіпорындар үшін тауардың сапалылығының 50 % -ға жуығы жабдықтаушы ұсынатын тауар сапасына тікелей байланысты екендігі белгілі болды. Тауардың тек бағасын емес, сапасысының өзгерісін бақылау жабдықтаушы мамандардың атқаратын қызметтерінің бірі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде көрсетілгендей, теориялық негіздерге сәйкес, сатып алу логистикасы негізгі логистикалық қызметтің бірі болып табылады және сатып алу нарығынан кәсіпорын қоймаларына дейін шикізат, материалдар, жинақтаушы және қосалқы бөлшектер қозғалысының үрдісін зерделейтіні анық. Сатып алуға байланысты қызмет саласы тауарларды бір жолғы сатып алудан әлдеқайда кең. Ол сондай-ақ, кәсіпорынды күнделікті және ұзақ мерзімді кезеңде үздіксіз қамтамасыз етуге қажетті барлық қызметтерді біріктіреді.

Теориялық жіне практикалық деректерге сәйкес, жабдықта логистикасының дұрыс деңгейде ұйымдастырылуы кәсіпорн шығын мөлшерін 50%-ға дейін төмендетінін көрсетті.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде кәсіпорын қызметіне талдау жасалынды, оның шығын көлемі салыстырылып көрсетілді.

«CENTECH» кәсіпорнына жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, жабдықтау бөлімінің мамандары кәсіпорынға тауар және қызметті сатып алу кезінде мынадай қызметтерді атқарады:

        кәсіпорын қажеттілігін анықтау;

        әлеуетті жабдықтаушыны іздеу;

        бірнеше баламалы көздерде сатып алу мүмкіндігін бағалау;

        сатып алу әдісін таңдау;

        жеткізудің қолайлы бағасы мен шарттарын белгілеу;

        жабдықтаушы көрсеткен қызметтерді бағалау.

ҚР жабдықтау логистикасының даму сатысы нарықтық экономика кезеңдерінен бастау алғандықтан, қазіргі қолданылу аясы орташа. Қолдану аясын дамыту кәсіпорынның шетелдік тәсілдерді енгізу үрдісімен сипатталынады. Демек, кәсіпорын экономикасының шетелдік компаниялармен өзара байланысы жабдықтау логистикасын қолдану аясын кеңейтіп қана қоймай, қызметтің тиімділігін көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, өнімді нарықта жылжыту тізбегінде «CENTECH» кәсіпорны бір уақытта тұтынушы мен жабдықтаушы қызметін атқарады. Бір жағынан, кәсіпорын өзінің негізгі тұтынушылары талаптарын орындауға, екінші жағынан – осындай талаптарды өз жабдықтаушыларынан талап етуге міндетті.

«CENTECH» кәсіпорыны шаруашылық-экономикалық қызметінің барлық салаларын, соның ішінде сатып алуды қамтитын шығындарды азайту жөніндегі түрлі бағдарламалармен жұмыс істейді.

«CENTECH» кәсіпорнын зерттеу нәтижесінде оның қызметін жетілдіру мен  арттыру бойынша төмендегідей ұсыныстар жасалынды:

1.        Кәсіпорын қызмет етуі кезінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету;

2.        Тұтынушыға тауар ұсынуда халықаралық стандартты тиімді пайдалану;

3.        Мамaндapдың кaдpлық бiлiктiлiгiн жoғapлaтy жұмыcтapы;

4.        Тауар қорларын анықтауда автоматты есептеуіш бағдарламаларды қолдану;

5.        Жабдықтаушылармен іскерлік қатынасты тұрақтандыру

           Ұсыныс негізінде, кәсіпорынның кемшіліктері ескеріліп, оларды жетілдіру бағыттарының тиімділіг ескерілді. Жабдықтаушыларды таңдауға арналған тендерлік сауда-саттық бизнес идеясының, шикізатқа кеиеиін шығынды 25%-ға, металл сатыл алуға кететін шығын мөлшерін 17%-ға, арнайы киімдер 23%-ға, кеңсе тауарларына кететін шығын мөлшерінің 11%-ға дейін төмендететінін көрсетті.

 «CENTECH» 2030 жылға қарай сату айналымын 2 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорында 10 жылдың ішінде жабдықтаушыларды дамыту мен бағалаудың жаңа жүйелері енгізілетін болады. Олар жеткізілу көлемі, уақыты, ұзақтылығы және сенімділігінің жоғарылығымен сипатталатын болады.

Қорыта келе, жабдықтау логистикасының кәсіпорынның сатып алу қызметі кезіндегі маңызды рөл атқаратындығын атап өтсек болады. Коммерциялық кәсіпорындар үшін сатып алу қызметінің тиімділігі тауар сатып алуға кететін шығын көлемін төмендетуінен көрінеді. Себебі, коммерциялық кәсіпорын барынша пайды табуды көздейтіндіктен, жабдықтау үрдісінің неғұрлым төмен шығынмен жүзеге асуы, пайда мен түсім көзін арттырады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.     Памбухчиянц О. В. Организация и технология коммерческой деятельности. – М.: ИВЦ «Маркетинг», 2009г,

2.     Гордон М. П., Карнаухов С. Б. Логистика товародвижения. – М.: Центр экономики и маркетинга, 2017– 2018г;

3.     Волгин В.В. «Логистические ловушки и решения в договорах. Справочник предпринемателя»,2-е изд-М.:Эгос, 2017г;

4.     И.Д. Афанасенко «Логистика снабжения». Питер – 2016г;

5.     Волгин В.В. «Логистические ловушки и решения в договорах. Справочник предпринемателя»,2-е изд-М.:Эгос,2010г;

6.     Алексеева М.М. Планирование деятельности фирмы: Учебно-методическое пособие, 2016 г;

7.     Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы № 393 бұйрығы;

8.     Гордон М. П., Карнаухов С. Б., Логистика товародвижения. [электронды ресурс]//Кіру режимі: http://elibrary.kaznu.kz/

9.     Коммерческая деятельность предприятия: стратегия, организация, управление: Учебное пособие. /Под ред. В. К. Козлова, С. А. Уварова. - СПб.: Политехника, 2008г;

10. Сергеев В. И. Менеджмент в бизнес логистике. - М.:ЮНИТИ, 2008г;

11. Саршор Т. Л. Совершенствование стратегии менеджмента в оптовой торговле на основе инновационных технологий //Логистик &система. – 2008г;

12. Шукаев А. И. Оптимизация запасов на предприятиях // Финансовый менеджмент. 2017г;

13. Черемисинов В. Системный подход к организации и управлению продажами в оптово-розничных компаниях//Управление сбытом. – 2008г;

14. Логистика: Учебник/Под ред. Б. А. Аникина. – М.:ИНФРА-М, 2009г;

15. А.Н.Тулембаева, А.Т.Бейжанова, Логистика:оқулық.-Алматы, 2011жыл;

16. Панкратов Ф. Г. Коммерческая деятельность. - М.: Дашков и Ко, 2009год;

17. «CENTECH»  кәсіпорнының қызметін қайта тіркеу туралы анықтамасы;

18. «CENTECH»  кәсіпорнының қызметінің ұйымдастырылуы//Кіру режимі: http: http://centech.kz/

19. «CENTECH»  кәсіпорнының https://tenderplus.kz/ cайтынан алынған қызмет ету ережесі;

20. «CENTECH»  кәсіпорнының есеп саясаты;

21. «CENTECH»  кәсіпорнының 2017-2019 жыл бойынша қаржылық есептілігі;

22. Жигульский Р. Особенности нормативно-правовой базы розничной торговли[электронды ресурс]//Кіру режимі: http://www.vdcr.ru/content/view/156/147/;

23. Логунов В. Логистика в торговой системе [электронды ресурс] // Кіру режимі: www.dist-cons.ru/modules/logistic/section5.html;

24. «CENTECH» кәсіпорнының сатып алуды басқару құжаттары;

25. «CENTECH»  кәсіпорнының 2017-2019 жыл бойынша жабдықтаушылар алдындағы міндеттемелер есебі;

26. «CENTECH» кәсіпорнының 2017-2019 жылдардағы тауар сату көлемі туралы құжаттар;

27. Ольдерогге Н. Г. Закупочная логистика [электронды ресурс]//Кіру режимі: http://www.elitarium.ru/2009/12/03/zakupochnaja_logistika.html;

28. Сколько стоит ERP построить [электронды ресурс] // Кіру режимі: www.cnews.ru/newcom/ndex.shtml?2005/07/21/182988;

29. Спицин М. В. Логистика товародвижения и товарных запасов [электронды ресурс] // Кіру режимі: www.iteam.ru/publications/ logistics/ section_72/ article_2478/;

30. «CENTECH» кәсіпорнының ұйымдық басқару құрылымы белгіленген құжаттар;

31. Романова О. Оптимизация поведения предприятия в современных условиях // Проблемы теории и практики управления. – 2009г;

32. Курноскина О. Правовое регулирование торговой деятельности. – М.: Альфа-Пресс,2017г