Болды да партия

Болды да партия,

Ел іші жарылды,

Әуремін мен тыя

Дауың мен шарыңды.

Ќұрбыдай ќош тұттым

Жасың мен кәріңді.

Жоќтамай ұмыттым

Аќыл мен нәріңді.

Ортаға кеп салдым

Өзімде барымды.

Япырмау, неңді алдым,

Сау ќоймай арымды?

Ойымнан ой бөліп,

Ќозғадың тамырды.

Көңілге тік келіп,

Кетірдің сабырды.

Ойым да аќ, жарым да аќ,

Кеңімді, тарымды

Ќарасам байымдап

Сөзің сол сарынды

Өсекке салмаңдар

Ойымды, жарымды.

Өлшеуге алмаңдар,

Ойым бек тарылды.

Ұрыңнан асырдың

Сұм тілді ќарынды.

Жасырдым, жасырдым,

Енді айттым зарымды.