Қатыны мен Масақбай

Қ а т ы н ы:

Сырмақ қып астына,

Байының тоқымын,

Отының басына,

Төрінің қоқымын,

Бүксітіп,

Бықсытып,

Қоқсытып келтірді.

Осының бәрімен,

Көңілінде міні жоқ,

Жүзінің нәрі мен

Бойының, сыны жоқ.

Бүкшиіп,

Сексиіп,

Түксиіп өлтірді.

Б а й ы:

Күлкі боп көргенде,

Құрбыға қадірсіз.

Ас қылып бергенше

Шыдамас сабырсыз

Келді ойбай,

Салды айғай

Түк қоймай боқтады

Сөзінің жөні жоқ,

Ақылсыз томырық,

Қатынның күні жоқ—

Қамшы мен жұдырық.

Барқылдап,

Тарқылдап,

Салпылдап тоқтады.