Жастықтың оты жалындап

Жастыќтың оты жалындап.

Жас жүректе жанған шаќ.

Талаптың аты арындап,

Әр ќиынға салған шаќ.

Уайым — аз, үміт — көп,

Ет ауырмас бейнетке,

Бүгін-ертең жетем деп

Көңілге алған дәулетке.

Ќайратпен кіріп, жалынбай,

Аќылмен тауып айласын,

“Мен ќалайға?” салынбай,

Жылы жүзбен жайнасын.

Ќайратќа сеніп ќаќтыќпай,

Жазасын тауып жауласар,

Ќатынша тілмен шаптыќпай,

Майданға шыќса жарасар.

Жалыны ќайтар дененің.

Үнемі тұрмас осы шаќ.

Талайғы кәрі дүниенің,

Бір кетігін ұстап баќ.

Ќұйрығы шаян, беті адам,—

Байќамай сенбе ќұрбыға!

Жылмаңы сыртта, іші арам

Кез болар ќайда сорлыға.

Достыќќа достыќ — ќарыз іс.

Дұшпаныңа_әділ бол.

Асығыс түбі — өкініш,

Ойланып алмаќ—сабыр сол.

Аќ көңілді жаќсыдан,

Аянбай салыс ортаға.

Аќылы, ары тапшыдан,

Ќу сөзін алма ќолќаға.

Сұмсұрќия, ќу заман,

Гүл көрінер жігітке —

Ќызыќты өмір жайнаған,

Кеудесі толып үмітке.

Бір нәрсені ұнатса,

Ќайта ойланып ќарамас.

Маќтанып жұртты шулатса,

Ќұмары сол ќызба бас.

Сенісерге келгенде,

Сене берер талғамай,

Жұрты ќұрғыр сенгішке

Тұра ма ќулыќ жалғамай?

Ары кеткен алдағыш.

Мені-аќ алда, сөкпейін,

Балы тамған жас ќамыс

Ормасаңшы көктейін

Сені жаќсы көрмесе,

Сенер ме еді сөзіңе?

“Япырмай?..” деп терлесе,

Ар емес пе өзіне?