Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ-ніңмагистранты

Жумаев Бекмухамбет Қажмұхамбетұлы

Ақтау қаласының НЗМ

Биология пәні мұғалімі - Чандыбаева Гулнур Даутовна

Биология пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

8 - сынып 2018-2019 оқу жылы (Барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат)

Аптасына сағат саны: 3

1 тоқсан (21 сағат)

8.1A Тірі ағзалардың жіктелуі

Тақырыбы: Тірі ағзалардың бес патшалығының жалпы сипаттамасы: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалық, Тип, Бөлім, Класс. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.

Оқу мақсаты: 8.1.1.1 тірі ағзалардың систематикалық орнын анықтау

Бағалау критерийі: Тірі ағзаларды жүйелік орны бойынша анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. рептилиялардың балықтардан бірінші айырмашылығын көрсетеді;

2. рептилиялардың балықтардан екінші айырмашылығын көрсетеді.

Тақырыбы: (LW) Өсімдіктердің жіктелуі.Зертханалық жұмыс «Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар.

Оқу мақсаты: 8.1.1.2 балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдыл ар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау

Бағалау критерийі: Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар өсімдіктерді негізгі ерекшелігі бойынша ажыратады

Дескриптор: Оқушы -

1. балдырларды олардың сипаттамасымен сәйкестендіреді;

2. мүктер мен қырықжапырақтарды олардың сипаттамасымен сәйкестендіреді;

3. ашық және жабық тұқымдыларды сипаттамасымен сәйкестендіріңіз.

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар.

Демонстрация «Біржасушалы және қалпақшалы саңырауқұлақтардың ерекшелік белгілері»

Оқу мақсаты: 8.1.1.3 саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау

Бағалау критерийі: Саңырауқұлақтарды негізгі белгілеріне байланысты анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін анықтайды;

2 ашытқы және пеницилл саңырауқұлақтардың ерекшеліктерін сипаттайды

Тақырыбы: Жануарлардың жіктелуі. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар өкілдері. Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама.

Демонстрация «Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау».

Оқу мақсаты: 8.1.1.4 омыртқасыз және омыртқалы жануарлар өкілдерінің ерекше белгілерін сипаттау

Бағалау критерийі: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар өкілдерін ерекшеліктеріне қарай ажыратады

Дескриптор: Оқушы -

8.1В Микробиология және биотехнология (4 сағат)

Тақырыбы: Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы.

Зертханалық жұмыс «Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру», «Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы түйнек бактериялары»

Оқу мақсаты: 8.4.3.1 бактериялардың түрлі формаларын сипаттау

Бағалау критерийі:

Дескриптор: Оқушы -

Тақырыбы: Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу шаралары: амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, ұшық (герпес).

Оқу мақсаты: 8.4.3.2 жұқпалы аурулардың ерекшеліктерін және олардың алдын алу шаралары сипаттау

Бағалау критерийі: Жұқпалы ауруларды ерекшеліктеріне байланысты ажыратады және олардың алдын алу жолдарын сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. Жұқпалы аурудың алдын алу бірінші жолдарын сипаттайды

2. Жұқпалы аурудың алдын алу екінші жолдарын сипаттайды

Тақырыбы: Пайдалы бактериялар. Йогурт және ірімшік өндіру. Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы.

Зертханалық жұмыс «Йогурт және ірімшік өндірісін зерттеу».

Оқу мақсаты: 8.4.3.3 йогурт және ірімшік өндірісін зерттеу

Бағалау критерийі: Йогурт пен ірімшік өндірісін зерттейді және өз бақылаулары бойынша ферменттердің бактериядағы рөлі туралы есеп жазады және дұрыс қорытынды шығарады.

Дескриптор: Оқушы -

1. Сүтті неліктен қайнату керек тігін түсіндіреді

2. Сүтқышқылды бактериялардың тіршілігі үшін оптимальды температураны анықтайды

3. Ашытқы салынған сүтті 6-8 сағат жылы жерде ұстау керектігін сипаттайды.

4. Дайын болған йогуртты тоңазытқышқа орналастырудың себебін түсіндіреді.

8.1С Жасушалық биология (4 сағат)

Тақырыбы: Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдік және жануар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобымен көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасуша мембранасы, жасуша қабырғасы.

Оқу мақсаты: 8.4.2.1 «жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдаран түсіндіру

Бағалау критерийі: Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымдарына анықтама бере алады.

Дескриптор: Оқушы -

1. ұлпа ұғымына анықтама береді;

2. ұлпа ұғымына анықтама береді;

3. мүшені белгілейді

Тақырыбы: (LW) Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа.

Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке.

Зертханалық жұмыс «Өсімдіктер ұлпаларын жіктеу».

Зертханалық жұмыс «Жануарлар ұлпаларын жіктеу».

Оқу мақсаты: 8.4.2.2 өсімдік және жануар ұлпаларын жіктеу

Бағалау критерийі: Өсімдік пен жануарлар ұлпаларын ажыратады.

Дескриптор: Оқушы -

1. өсімдік және жануар ұлпаларын атайды;

2. берілген ұлпалардың қызметін анықтайды.

8.1D Молекулалық биология (4 сағат)

Тақырыбы: Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылықтар.

Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық, хитиннің маңызы мен қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі.

Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз. Демонстрация «Диализ түтікшесі мысалында мембрананың жартылай өткізгіштігін зерттеу»

Оқу мақсаты: 8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау

Бағалау критерийі: Биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлерді ажыратады

Дескриптор: Оқушы -

1. мономерді белгілейді;

2. полимердің мономерден айырмашылығын анықтайды.

Тақырыбы: Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау температурасы, жылу сыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі.

Демонстрация «Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу».

Оқу мақсаты: 8.4.1.2 судың қасиеті мен оның биологиялық үрдістердегі маңызын түсіндіру

Бағалау критерийі: Cудың қасиеттерін және биологиялық үдерістердегі қызметінің маңызын сипаттайды.

Дескриптор: Оқушы -

1. «Р» әріптегі құбылысты анықтайды;

2. судың қасиетін анықтайды;

3. су қасиетінің дәлелдемелерін анықтайды

Тақырыбы: Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор, ) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.

Оқу мақсаты: 8.4.1.3 тірі ағзалар тіршілік әрекеттері үшін микро- және макроэлементтердің ролін сипаттау

Бағалау критерийі: Өсімдіктерде минералды элементтердің жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды анықтайды.

Дескриптор: Оқушы -

1. калий жетіспегенде өсімдікте бірінші өзгерістерді сипаттайды;

2. калий жетіспегенде өсімдікте екінші өзгерістерді сипаттайды.

8.1Е Өсімдіктердегі қоректену (5 сағат)

Тақырыбы: Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуге маманданғанарнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.

Оқу мақсаты: 8.1.2.1 жапырақтың құрылысын сипаттау және құрылымы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты сипаттау

Бағалау критерийі: Жапырақтың құрылысын сипаттайды және құрылымы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты анықтайды.

Дескриптор: Оқушы -

1. суретте бағаналы жасушаларды белгілейді;

2. жапырақтың хлоропластар ең көп кездесетін бөлігін атайды;

3. жапырақтың «А» бөлігінің фукциясын сипаттайды;

4. жапырақтың «В» бөлігінің фукциясын сипаттайды

Тақырыбы: (LW) Хлорофилл, ксантофилл, каротиноид.

Зертханалық жұмыс«Қағаз хроматография әдісімен пигменттерді бөлу».

Оқу мақсаты: 8.1.2.2 өсімдіктерде бар әр түрлі пигменттерді болуын зерттеу

Бағалау критерийі: Өсімдіктердегі әртүрлі пигменттердің болуын анықтайды.

Дескриптор: Оқушы -

1. өсімдіктерде жасыл түстің түзілуіне жауапты пигментті атайды;

2. эксперимент нәтижесін сипаттайды;

3. эксперимент нәтижесін сипаттайды.

Тақырыбы: Фотосинтез үрдісінің жүретін орны. Фотосинтез үрдісіне қатысатын және үрдіс нәтижесінде түзілетін заттар. Бейорганикалық заттардың молекулалық формуласы мен глюкоза. Фотосинтез үрдісінің химиялық теңдеуі.

Оқу мақсаты: 8.1.2.3 фотосинтез үрдісінің теңдеуін сипаттау

Бағалау критерийі: Фотосинтез үдерісінің теңдеуін сипаттайды.

Дескриптор: Оқушы -

1. фотосинтез үдерісінің теңдеуін сол және оң жақта түзілетін заттарды анықтайды;

2. фотосинтез үдерісінің қажетті жағдайларды анықтайды;

3. көпіршіктер түзілетін мүшені атайды.

Тақырыбы: (LW) Фотосинтезге қажетті жағдайлар: жарықтың қарқындылығы, жылу, көмірқышқыл газы.

Зертханалық жұмыс «Фотосинтез үрдісіне қажетті жағдайларды зерттеу».

Оқу мақсаты: 8.1.2.4 фотосинтез үрдісіне қажетті жағдайларды зерттеу

Бағалау критерийі: Фотосинтез үдерісінің жүруі үшін қажетті жағдайларды ажыратады.

Дескриптор: Оқушы - 1. фотосинтез қарқындылығына әсер ететін факторды (температура және көмірқышқыл газынан басқа) анықтайды;

2. ықтимал температураны анықтайды;

Тақырыбы: Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі және фосфорлы).

Оқу мақсаты: 8.1.2.5 минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдіктер үшін маңызын танып білу

Бағалау критерийі: Минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдік үшін маңызын сипаттайды.

Дескриптор: Оқушы -

1. өсімдікте азот жетіспегенде визуалды симптомдарды анықтайды;

2. өсімдікте азот жетіспегенде визуалды симптомдарды анықтайды;

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

2 тоқсан (24 сағат)

8.2АҚанайналым жүйесі (8 сағат)

Тақырыбы: Жануарлардың қанайналым жүйесінің маңызы.

Оқу мақсаты: 8.1.3.1 жануарлардың қанайналым жүйесінің маңызын түсіндіру

Бағалау критерийі: Жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. қан айналымы жүйесін түрін суретте белгілейді;

2. қан айналымы жүйесінің түрін сипаттайды.

Тақырыбы: Қанайналым жүйесінің түрлері. Ашық және тұйық қанайналым жүйелері. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі. Жануарлар қанайналым жүйелері түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары.

Оқу мақсаты: 8.1.3.2 жануарлардың қантамырлар жүйелерінің түрлерін сипаттау

Бағалау критерийі: жануарлардың қантамырлар жүйелерінің түрлерін анықтау.

Дескриптор: Оқушы -1. Ашық және тұйық қанайналым жүйелері.

2. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.

3. Адамның қанайналым жүйесі.

4. Жануарлар қанайналым жүйелері түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары.

Тақырыбы: Буылтық құрттар (жауын құрт), ұлулар, буынаяқтылар, омыртқалылардың жүрегі мен қантамырларының құрылысы және қызметі.

Модельдеу«Сүтқоректілердің жүрегінің құрылысын танып білу»

Оқу мақсаты: 8.1.3.3 жануарлардың жүрегі мен қантамырларының құрылысын сипаттау

Бағалау критерийі: Жануарлардың жүрегі мен қантамырларының құрылысын ажыратады

Дескриптор: Оқушы -

1. жүректің «А» бөлігін белгілейді;

2. жүректің «В» бөлігін белгілейді;

Тақырыбы: Қантамырлар: салатамыр, көктамыр, қылтамыр. Құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.

Оқу мақсаты: 8.1.3.4 қантамырлар қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату

Бағалау критерийі: Қантамыр қабырғасының құрылысының атқаратын қызметі арасындағы байланысты сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. салатамыр қабырғасының құрылысы мен атқаратын функциясымен сәйкестендіреді;

2. кестедегі мәліметтерді пайдаланып салатамырды көктамырмен салыстырады;

3. кестедегі мәліметтерді пайдаланып салатамырды кылтамырмен салыстырады.

Тақырыбы: Салатамыр қысымы, тамыр лүпілі, жүректің соғу жиілігі

Зертханалық жұмыс «Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»

Оқу мақсаты: 8.1.3.5 дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін және оның қайта қалпына келуін зерттеу

Бағалау критерийі: Дене жаттығуларының жүрек жұмысы мен оның қалпына келуіне әсерін анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. жүректің соғу жиілігін салыстырады;

2. жаттығудың жүрек жұмысының өсуін тудыратын әсерін сипаттайды;

3. жаттығудың жүрек жұмысының өсуін тудыратын әсерін сипаттайды

Тақырыбы: Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары мен олардың белгілері (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт). Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау, стресс т.б.

Оқу мақсаты: 8.1.3.6 қантамыр жүйесінің ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау

Бағалау критерийі: Қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін анықтайды

Дескриптор: Оқушы - 1. жүрек ауруының себебін анықтайды;

2. жүрек аурудың белгісін атайды;

3. жүрек аурудың белгісін атайды.

8.2В Бұлшықет (6 сағат)

Тақырыбы: Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі.

Оқу мақсаты: 8.1.6.1 тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау

Бағалау критерийі: Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі

Дескриптор: Оқушы -1. Қаңқа сүйектерінің бөліктерін тану

2. Қаңқа сүйектерінің құрылысын атайды.

3. Қаңқа сүйектерінің қызметтерін сипаттайды.

Тақырыбы: Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі (бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек). Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу.

Зертханалық жұмыс«Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу»

Оқу мақсаты: 8.1.6.2 бұлшықет ұлпасының қызметтері мен олардың құрылымдық бөліктерін (компонент) сипаттау

Бағалау критерийі: Бұлшықет ұлпасының қызметтері мен олардың құрылымдық бөліктерін анықтайды.

Дескриптор: Оқушы -

1. бұлшықет түйініне анықтама береді;

2. бұлшықет талшығы мен миофибрил құрылымдық бөліктерін салыстырады.

Тақырыбы: Бұлшықет құрылысы: басы, бұлшықет денесі, құйрығы, фасция. Қаңқа бұлшықеттерінің орналасуы: бет, тұлға, қол және аяқ бұлшықеттері. Адам денесі бұлшықеттерін қызметіне қарай жіктеу.

Оқу мақсаты: 8.1.6.3 бұлшықеттің құрылысы мен қаңқа бұлшықеттерінің орналасуын сипаттау

Бағалау критерийі: Бұлшықеттердің құрылысын және қаңқа бұлшықеттерінің орналасуын анықтайды.

Дескриптор: Оқушы - 1. бұлшықет түрін анықтайды;

2. бұлшықет орналасуын сипаттайды;

3. бұлшықет қызметін сипаттайды.

Тақырыбы: Гиподинамия: пайда болу себебі, салдары, алдын алу шаралары.

Оқу мақсаты: 8.1.6.4 гиподинамия салдарын атау

Бағалау критерийі: Гиподинамия салдарын сипаттайды.

Дескриптор: Оқушы - 1. Гиподинамия салдарын анықтайды;

2. Гиподинамия салдарын анықтайды.

Тақырыбы: Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың пайда болуының алдын алу шаралары.

Оқу мақсаты: 8.1.6.5 сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау

Бағалау критерийі: Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін сипаттайды.

Дескриптор: Оқушы - 1. есірткі терминіне анықтама береді;

2. алкогольдің ағзаға тигізетін әсерін сипаттайды

Тақырыбы: Қаңқа зақымданғанда көрсетілетін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек. Ашық және жабық сынық. Сіңір созылғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Оқу мақсаты: 8.1.6.6 қаңқа зақымданғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің тәсілдерін түсіндіру

Бағалау критерийі: Қанқа зақымданған жағдайда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек тәсілдерін анықтайды.

Дескриптор: Оқушы -

1. суретті пайдаланып қанқа зақымданғанда көрсетілген алғашқы медициналық көмек тәсілдерін сипаттайды;

2. суретті пайдаланып қанқа зақымданғанда көрсетілген алғашқы медициналық көмек тәсілдерін сипаттайды.

8.2С Тыныс алу және бөліп шығару (8 сағат)

Тақырыбы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері (бунақденелілердің демтүтіктері, балықтарының желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі).

Модельдеу «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесі мүшелерін салыстыру».

Оқу мақсаты: 8.1.4.1 Адам, балық, бунақденелілердің тынысалу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу

Бағалау критерийі: Адам, балық, бунақденелілердің тынысалу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып анықтайды.

Дескриптор: Оқушы -

1. бунакденелілердің тыныс алу үрдісін сипаттайды;

2. «Д» әріппен дұрыс тұжырымды белгілейді;

3. «Б» әріппен бұрыс тұжырымды белгілейді.

Тақырыбы: Тынысалу түрлері: анаэробты және аэробты.

Анаэробты және аэробты тынысалуды салыстыру: оттегінің қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс.

Оқу мақсаты: 8.1.4.2 анаэробты және аэробты тынысалу түрлерін ажырату

Бағалау критерийі: Тынысалудың анаэробты және аэробты типтерін анықтайды.

Дескриптор: Оқушы -1. «A» ыдыстағы өзгерістерді сипаттайды;

2. «B» ыдыстағы өзгерістерді сипаттайды.

Тақырыбы: Аэробты тынысалу үрдісінің ауызша химиялық реакция теңдеуі. Тынысалу үрдісіне қатысатын және үрдіс нәтижесінде түзілетін заттар.

Оқу мақсаты: 8.1.4.3 тынысалу үрдісінің ауызша химиялық реакция теңдеуін пайдаланып аэробты тынысалуды сипаттау

Бағалау критерийі: Тынысалу үдерісінің химиялық теңдеуін қолдана отырып, аэробты тыныс алуды анықтайды.

Дескриптор: Оқушы -аэробты тыныс алу үдерісінің химиялық теңдеуін ауызша жазады.

Тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы. Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің тынысалуын зерттеу».

Оқу мақсаты: 8.1.4.4 өсімдіктердің тыныс алуды зерттеу

Бағалау критерийі: Өсімдіктердің тыныс алу үдерісін сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. жапырақтың «А» бөлімін атайды;

2. жапырақтың «В» бөлімінің функциясын сипаттайды;

3. жапырақтың «С» бөлімінің функциясын сипаттайды.

Тақырыбы: Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.

Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу»

Оқу мақсаты: 8.1.5.1 өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу

Бағалау критерийі: Өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін сипаттайды.

Дескриптор: Оқушы - 1. экскреция терминіне анықтама береді;

2. өсімдіктердің бөліп шығаратын бір затты атайды;

3. өсімдіктердің бөліп шығаратын мүшені анықтайды.

2 -Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

3 тоқсан (30 сағат)

8.3A Координация және реттелу (16 сағат)

Тақырыбы: Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы. Зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу»

Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы.

Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау).

Оқу мақсаты: 8.1.7.2 көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау

Бағалау критерийі: көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау

Есту қабілеттілігін анықтау

Дескриптор: Оқушы -

· Көру мүшелерінің бөлімдерін дұрыс белгілей алады.

· Көріп қабылдау ерекшеліктерін саралап, зерттеп, сипаттай алады.

Көру қабылдау ерекшеліктерін дұрыс түсіндіре алады.


Тақырыбы: Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі.

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийі: Торлы қабаттың таяқша, құтышалары және талшық жасушаларының құрылымдары мен қызметтерін сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. таяқша мен құтышылар кездесетін ұлпаны атайды;

2. таяқша жасушалардың атқаратын қызметін сипаттайды;

3. құтышылар жасушалардың атқаратын қызметін сипаттайды.

Тақырыбы: Зертханалық жұмыс « Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі». Зертханалық жұмыс «Соқыр дақты анықтау» (Мариотт тәжірибесі). Оқу мақсаты: 8.1.7.1 таяқша мен құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметін сәйкестендіру

Бағалау критерийі: Көз бұлшықеттерінің қызметін анықтау және соқыр дақты (Мариотто) табу

Дескриптор: Оқушы -Соқыр дақты айқындау

2. Есту мүшелерінің құрылысын және қызметін сипаттау

Тақырыбы: Көру мен есту мүшесінің гигиенасы.

Оқу мақсаты: 8.1.7.3 көру және есту гигиенасының ережелерін сипаттау

Бағалау критерийі: көру және есту гигиенасының ережелерін сипаттау

Дескриптор: Оқушы -

1. Көру және есту мүшелерінің гигиенасы туралы ережелерді біледі және сипаттайды.

2. Көру және есту мүшелерінің гигиенасы туралы кеңес бере алады.

Тақырыбы: Гомеостазды тұрақты ұстаудың механизмдері. Гомеостаз және оның ағзаға таралуының мүмкін жолдары

Оқу мақсаты: 8.1.7.4 гомеостаздың реттелу жолдарын сипаттау

Бағалау критерийі: гомеостаздың реттелу жолдарын сипаттау

Дескриптор: Оқушы -

1. Гомеостаз ұғымын біледі және мысал келтіру арқылы түсіндіріп бере алады

Тақырыбы: «Гормондар», «Гуморальдық реттелу» ұғымдары. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасуы және қызметі. Бездерден бөлінетін гормондар.

Оқу мақсаты: 8.1.7.5 эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау

Бағалау критерийі: эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін сипаттау

Дескриптор: Оқушы -

1. «Без» деген ұғымды біледі, суретте берілген бездерді анықтай алады.

2. Эндокринді бездердің анықтамасын біледі, олардың ерекшеліктерін айта алады.

Суретте берілген эндокринді бездердің орналасуын біледі.

Тақырыбы: Адам ағзасындағы бездер: рөлі мен маңызы. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауы. Оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау.

Оқу мақсаты: 8.1.7.6 бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру

Бағалау критерийі: бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру

Дескриптор: Оқушы -

1. Бездердің айырмашылықтарын біледі және түсінеді.

2. Бездердің 3 атауын және олар бөліп шығаратын гормондардың атауларын көрсетеді. Бездердің негізгі қызметтерін түсіндіреді.

3. Кестені дұрыс толтыра алады. Кемінде бес жауап дұрыс болуы керек.

Тақырыбы: Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо – және гиперфункция). Эндемикалық бұғақ, базедов, миксидема, критинизм аурулары. Қант диабеті.

Оқу мақсаты: 8.1.7.7 эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау

Бағалау критерийі: Бездердің негізгі функцияларын түсіндіру Ұйқы безі мен қалқанша без қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. Эндемикалық бұғақ, базедов, миксидема, критинизм аурулары. Қант диабеті. ауруларының себептерін біледі.

2. Бездердің негізгі қызметтерін түсіндіреді.

3. Аурулардың атауымен себеперін сәйкестендіре алады.

4. адамның ұйқы безі дұрыс жұмыс істемегенде екі симптомды атайды;

5. адамның ұйқы безі дұрыс жұмыс істемегенде екі симптомды сипаттайды.

Тақырыбы: Тері:оның құрылысы мен қызметі. Эпидермис, дерма және май шел қабаты.

Оқу мақсаты: 8.1.5.2 терінің құрылысын сипаттау

Бағалау критерийі: Терінің құрылысын анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. терінің эпидермис және дерма қабаттарын атқаратын қызметімен сәйкестендіреді;

2. терінің кератин және шаш қабаттарын атқаратын қызметімен сәйкестендіреді;

3. терінің қан қылтамырлары және меланин қабаттарын атқаратын қызметімен сәйкестендіреді.

Тақырыбы: Терінің бөліп шығарудағы маңызы. Тер безі.

Оқу мақсаты: 8.1.5.3 терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау

Бағалау критерийі: Терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын анықтайды Жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің рөлін анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. дене температурасын тұрақты ұстап қалу үшін теріде (А-дан D-ға дейін) құрылымдары қалай көмектеседі сипаттайды;

2. дене температурасын тұрақты ұстап қалу үшін теріде (А-дан D-ға дейін) құрылымдары қалай көмектеседі сипаттайды.

Тақырыбы: Терінің құрылысы мен маңызы. Тер бөлінудің реттелуі. Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (Қотыр (қышыма). Сүйел. Витилиго. Ұшық. Теміреткі. Безеу). Белгілері мен алдын алу шаралары.

Оқу мақсаты: 8.1.5.4 тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру

Бағалау критерийі: тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру

Дескриптор: Оқушы -

1. Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (Қотыр (қышыма). Сүйел. Витилиго. Ұшық. Теміреткі. Безеу).

2. Белгілері мен алдын алу шараларын біледі

Тақырыбы: Адам денесінде орналасқан рецепторлар (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицепторлар).

Зертханалық жұмыс «Тері сезімталдығын зерттеу».

Оқу мақсаты: 8.1.7.8 тері сезімталдығын зерттеу

Бағалау критерийі: тері сезімталдығына қатысатын рецепторлар мен тітіркендіргіштерді сипатау.

Дескриптор: Оқушы -

1. Аналаизаторлардың құрылысын сипаттау

2. Тітіркендіргіштерді анықтау

3. Рецепторлардың түрлерін сипаттау

Тақырыбы: Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің ролі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі.

Оқу мақсаты: 8.1.7.9 жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің ролін сипаттау

Бағалау критерийі: Терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын анықтайды Жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің рөлін анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. дене температурасын тұрақты ұстап қалу үшін теріде (А-дан D-ға дейін) құрылымдары қалай көмектеседі сипаттайды;

2. дене температурасын тұрақты ұстап қалу үшін теріде (А-дан D-ға дейін) құрылымдары қалай көмектеседі сипаттайды.

Тақырыбы: Жылықанды жануарлардың әр түрлі климаттық ортаға бейімделуі. Тіршілік үшін күрес және ағзалардың көбеюі.

Оқу мақсаты: 8.1.7.10 жылықанды жануарлардың әр түрлі климаттық ораға бейімделу түрлерін зерттеу.

Бағалау критерийі: Жылықанды жануарлардың әр түрлі климаттық ортаға бейімделу түрлерін сәйкестендіреді

Дескриптор: Оқушы -

1. ақпаратты пайдаланып Императорлық пингвин Антарктида қалай бейімделгенін түсіндіреді;

2. суретті пайдаланып Императорлық пингвин Антарктида қалай бейімделгенін түсіндіреді.

3. Әр түрлі жылықанды жануарлардың түрлі климаттық жағдайларға бейімделуінің түрлерін зерттейді;

4. Жұмыстың нәтижесін талдайды, әр түрлі мекен ету ортасы туралы жазба жұмысын дұрыс рәсімдейді;

5. Кемінде 3 мекен ету ортасы сипаттап, қорытынды жасайды.

Тақырыбы: Күн сәулесінің өсімдіктер тіршілігіндегі рөлі. Гүлдеу кезеңі. Жапырақтардың түсуі.

Оқу мақсаты: 8.2.3.2 өсімдіктердегі фотопериодизм рөлін сиаттау

Бағалау критерийі:

1. өсімдіктердегі фотопериодизм рөлін сиаттау

Дескриптор: Оқушы -

1. Гүлдің таңғы ашылуы;

2. Өсімдіктердің көктемгі жандануы;

3. Күзгі жапырақтың түсуі;

4. Өсімдіктердің бүршік жаруы;

5. Алғашқы гүлдің пайда болуы.

6. Жеміс пен тұқымның пайда болуы.

8.3В Көбею (7 сағат)

Тақырыбы: Омыртқалы жануарлардың жыныстық көбеюге жауапты репродуктивті жүйесі.(тұқым көбейту, репродукция,тұқым жалғастыру). Сырттай ұрықтану және іштей ұрықтану.

Оқу мақсаты: 8.2.1.1 Омыртқалы жануарлардың жыныс мүшелерін салыстыру

Бағалау критерийі: Омыртқалы жануарлардың жыныс жүйесін салыстырады

Дескриптор: Оқушы -

1. Жынысты және жыныссыз көбеюді салыстыра алса.

2. Жыныс жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін білсе.

3. Омыртқалы жануарлардың жыныс жүйесінің құрылыс ерекшеліктерін салыстырып, ерекшеліктерін айта алса.

Тақырыбы: Өсімдіктердің ұзарып және көлденең жуандап өсу үдерісі

Оқу мақсаты: 8.2.3.1 өсімдіктердің ұзыннан және жуандап өсу үдерісін зерттеу

Бағалау критерийі:

2. Өсімдіктердің ұзарып және көлденеңінен жуандап өсу процессін зерттейді

3. Өсімдіктердің ұзарып және көлденеңінен жуандап өсу процессін зерттейді

Дескриптор: Оқушы -

1. өсімдіктерде апикальды меристема кездесетін мүшені атайды.

2. өсімдіктердің көлденеңінен жуандап өсуіне қандай жасушалар әсер етеді атайды;

3. өсімдіктердің көлденеңінен жуандап құрғақ және батпақ жерде өскен сабақтарды салыстырып сипаттайды;

4. өсімдіктердің көлденеңінен жуандап құрғақ, батпақ және ашық жерде өскен сабақтарды салыстырып сипаттайды;

Тақырыбы: Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды).

Оқу мақсаты: 8.2.1.2 гүл құрылысының өсімдіктердің тозаңданудағы маңызын сипаттау

Бағалау критерийі: Гүл құрылысының тозаңданудағы маңызын сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. тозаңдану жүретін гүл бөлімін атайды;

2. өсімдіктердің көбею кезінде бал ара қатысатын үдерісті атайды;

3. А және В гүл арасында жүретін үдерісті түсіндіреді.


Тақырыбы: Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы.

Оқу мақсаты: 8.2.1.3 өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін салыстыру

Бағалау критерийі: Өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін салыстырады

Дескриптор: Оқушы -

1. суретті пайдаланып P түрдің тозандану үдерісті атайды және түсіндіреді; 2. суретті пайдаланып Q түрдің тозандану үдерісін атайды және түсіндіреді.


Тақырыбы: Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызы. Ұрық пен эндоспермнің түзілуі.

Оқу мақсаты: 8.2.1.4 гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау

Бағалау критерийі: Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. суретте ұрықтану үдерісі жүретін бөлімді анықтайды;

2. тұқым қалыптасатын алдында үдерісті түсіндіреді.

8.3C Генетикалық материал (5 сағат)

Тақырыбы: Хросомомадағы ДНҚ-ғы генетикалық материалдың ролі.

Оқу мақсаты: 8.2.2.1 Генетикалық материал ДНҚ-ның хромосомадағы ролін түсіндіру.

Бағалау критерийі: Хромосома ДНҚ- ғы - генетикалық материалдың рөлін анықтайды

Дескриптор: Оқушы -ДНҚ молекуласының функциясын анықтайды.

Тақырыбы: Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік. Моделдеу «Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу».

Оқу мақсаты: 8.2.2.2 белгілерді анықтауда геннің рөлін түсіндіру.

Бағалау критерийі: Белгілерді анықтаудағы геннің рөлін сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. ДНҚ - ның белгілердің тұқым қуалауындағы маңызын түсіндіреді;

2. хромосоманың белгілердің тұқым қуалауындағы маңызын түсіндіреді.

Тақырыбы: Әртүрлі ағзалардағы түрлерінің хромосомалар саны.

Оқу мақсаты: 8.2.2.3 әртүрлі ағзалар түрлеріндегі хромосомалардың санын салыстыру.

Бағалау критерийі: Әртүрлі ағзалардағы хромосомалардың санын салыстырып түсіндіреді

Дескриптор: Оқушы -адамның және тауықтың жыныс хромосомаларын анықтайды.


Тақырыбы: Соматикалық және жыныс жасушалары. Гаплоидті және диплоидті хромосомалар жиыны.

Оқу мақсаты: 8.2.2.4 сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар санындағы айырмашылықтарды түсіндіру.

Бағалау критерийі: Хромосома санындағы соматикалық және жыныс жасушаларының айырмашылығын салыстырады

Дескриптор: Оқушы -

1. гаплоидты хромосомаларға анықтама береді;

2. соматикалық жасушалардың санын анықтайды;

3. жыныс жасушалардың санын анықтайды.

3 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

4 тоқсан 27 сағат

8.4А Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары (7 сағат)

Тақырыбы: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс.

Оқу мақсаты: 8.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәлелдеу

Бағалау критерийі: Эволюцияда тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің рөлін анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. өзгергіштік ұғымға анықтама жазады;

2. өзгергіштік рөлін түсіндіреді.

Тақырыбы: Үздікті (дискретная) және үздіксіз өзгергіштік

Оқу мақсаты: 8.2.4.2 үздікті және үздіксіз өзгергіштікті ажырату

Бағалау критерийі: Үздікті және үздіксіз өзгергіштікті салыстырады

Дескриптор: Оқушы -

1. үздікті және үздіксіз өзгергіштіктерді салыстырып бірінші айырмашылығын сипаттайды;

2. үздікті және үздіксіз өзгергіштіктерді салыстырып екінші айырмашылығын сипаттайды.

Тақырыбы: Моделдеу «Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу».

Оқу мақсаты: 8.2.4.3 адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгерістерді зерттеу

Бағалау критерийі: Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгерістерді анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. адам ағзасында тұқым қуалайтын өзгерістерді сипаттайды;

2. адам ағзасында тұқым қуаламайтын өзгерістерді сипаттайды;

3. адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгерістерді салыстырып айырмашылығын анықтайды.

Тақырыбы: Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері. Жаппай және жеке сұрыптау.

Оқу мақсаты: 8.2.4.4 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау

Бағалау критерийі: Ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың мәнін сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. селекция ұғымға анықтама береді;

2. ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың бірінші мәнін сипаттайды;

3. ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың екінші мәнін сипаттайды.

Тақырыбы: Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары.

Оқу мақсаты: 8.2.4.5 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу

Бағалау критерийі: Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. күріш, бидай өсімдіктерді шығу тегі орталығымен сәйкестендіреді;

2. картоп, орамжапырақ өсімдіктерді шығу тегі орталығымен сәйкестендіреді.

Тақырыбы: Қазақстан территориясында кездесетін дақылдар мен үй жануарларының қолтұқымдары. Маңызды белгілер.

Оқу мақсаты: 8.2.4.6 маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлардың қолтұқымын зерттеу

Бағалау критерийі: Қазақстан территориясында кездесетін дақылдар мен үй жануарларының қолтұқымдарының маңызды белгілерін анықтау.

Дескриптор: Оқушы -

1. Қазақстан территориясында кездесетін дақылдар маңызды белгілерін сәйкестендіреді;

2. үй жануарларының қолтұқымдарының маңызды белгілерін сәйкестендіреді;

8.4В Биосфера, экожүйе, популяция (11 сағат)

Тақырыбы: Популяцияның құрылымының негізгі сипаттамалары және ерекшеліктері. Популяция санының өзгеруі.

Оқу мақсаты: 8.3.1.1 биологиялық популяцияның негізгі қасиеттері мен құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау

Бағалау критерийі: Биологиялық популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. дафния санының өсуі мен кемуін графикте жазады;

2. популяция санының өзгеру себебін түсіндіреді.

К-стратегтер

r-стратегтер

Тақырыбы: Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдері. (Тіршілікті сақтаудың К және r стратегиялары). «Жыртқыш-жемтік» қарымқатынас түрі.

Оқу мақсаты: 8.3.1.2 ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі стратегияларын зерттеу

Бағалау критерийі: Ағзалардың тіршілікке қабілеттілік стратегиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді

Дескриптор: Оқушы -

1. ағзалардың тіршілікке қабілеттілік стратегиясының түрін анықтайды;


Тақырыбы: Тіршілікке қабілеттілік: табында, үйірде, інде, ұяда.

Оқу мақсаты: 8.3.1.3 ағзалардың тіршілікке қабілеттілік стратегияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу

Бағалау критерийі: Тіршілікке қабілеттілік: табында, үйірде, інде, ұяда бейімделу ерекшеліктерін сипаттау

Дескриптор: Оқушы -

1. ағзалардың тіршілікке қабілеттілік стратегиясының артықшылықтарын сипаттайды;

2. ағзалардың тіршілікке қабілеттілік стратегиясының кемшіліктерін сипаттайды.

Тақырыбы: Экожүйе, оның белгілері. Биогеоценоз бен экосистеманың ұқсастығы мен айырмашылығы.Экосистема түрлері.

Оқу мақсаты: 8.3.1.4 экожүйенің негізгі ерекшелігі мен айырмашылығын көрсету

Бағалау критерийі: Экожүйелердің негізгі ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. экожүйеде ағзалардың арасында стрелка арқылы не көрсетілген анықтайды;

2. «Х» ағзаның басқа экожүйе тірі ағзалар үшін бірініші маңызын түсіндіреді;

3. «Х» ағзаның басқа экожүйе тірі ағзалар үшін екінші маңызын түсіндіреді.

Тақырыбы: Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері. Ағзалардың тікелей және жанама қарым-қатынас түрлері. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне ағзалардың бейімделуі.

Оқу мақсаты: 8.3.1.5 экожүйе құрылымының жалпы сызбасын құру

Бағалау критерийі: «экожүйенің құрылымы» ұғымын талдау

Дескриптор: Оқушы -

1. - құрылымы

2.- эко

3.- жүйе.

4.- шөл

5. - қылқанжапырақты орман

6.- дала

· Өз жерінің экожүйесіндегі антропогенлді өзгерістерді табу,

· Өз жерінің табиғи экожүйе және агроэкожүйенің салыстырмалы сипаттамасы,

· Экожүйелердегі өзгерістерді биологиялық үлгілерде зерттеу (аквариум)

Тақырыбы: Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері. Ағзалардың тікелей және жанама қарымқатынас түрлері. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне ағзалардың бейімделуі.

Оқу мақсаты: 8.3.1.6 экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау

Бағалау критерийі: Экологиялық сукцессия үдерісін сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. бірінші және екінші сукцессия түрлерін салыстырып ұқсастығын анықтайды;

2. бірінші және екінші сукцессия түрлерін салыстырып айырмашылығын анықтайды.



Тақырыбы: Экожүйелердің компоненттері. Су және құрлық экожүйелері.

Модельдеу «Су және құрлық экожүйелерін салыстыру». Биотоп және биоценоз.

Оқу мақсаты: 8.3.1.7 су және құрлық экожүйелерін салыстыру

Бағалау критерийі: Табиғи қоректік тізбек құрастыра алады.

Дескриптор: Оқушы - Әр ағзаның қоректік тізбектегі орнын анықтап, оларды бір бірімен сызба арқылы байланыстыра алады.

Тақырыбы: Қорек тізбегі мен қорек торы арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табу. Модельдеу « Қорек тізбегі мен қорек торын құру».

Оқу мақсаты: 8.3.1.8 табиғи қорек тізбегін салыстыру

Бағалау критерийі: Табиғи қоректік тізбекті салыстырады

Дескриптор: Оқушы -

1. Е ағзалардың популяция санының азайғанын бірінші дәлелдемені анықтайды;

2. Е ағзалардың популяция санының азайғанын екінші дәлелдемені анықтайды.

8.4С Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері (7 сағат)

Тақырыбы: Жергілікті өлкенің және Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары.

Оқу мақсаты: 8.3.2.1 жергілікті өлкенің және Қазақстан Республикасының негізгі экологиялық мәселелерін атау

Бағалау критерийі: 1. Жергілікті өлкенің және Қазақстан Республикасының негізгі экологиялық мәселелерін сипаттайды

Дескриптор: Оқушы -

1. адам қызметінен туындаған өз өлкенің табиғаттың ластануының бірінші мысалын келтіреді және нәтижесін сипаттайды;

2. адам қызметінен туындаған өз өлкенің табиғаттың ластануының екінші мысалын келтіреді және мысалының нәтижесін сипаттайды.

3. зауыттың ауаға шығаратын зиянды газды атайды;

4. зауыттың ауаға шығаратын газдың зияның түсіндіреді.

Тақырыбы: Сирек және жойылып кету қаупі бар түрлерді сақтаудағы Қызыл кітаптың ролі.

Оқу мақсаты: 8.3.2.2 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді сақтаудағы Қызыл кітптың ролін түсіндіру

Бағалау критерийі: Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді сақтауда Қызыл кітаптың рөлін анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. диаграмманы пайдаланып сайғақ популяциясының санының сақтауда Қызыл кітаптың бірінші рөлін түсіндіреді;

2. диаграмманы пайдаланып сайғақ популяциясының санының сақтауда Қызыл кітаптың екінші рөлін түсіндіреді.

Тақырыбы: Биоаулантүрлілікті сақтау қазіргі заманғы өзекті мәселе. Экологиялық тепе -теңдіктің және тұрақты дамудың бұзылу түрлер мен генофондтың жойылуына әкеліп соғады.

Оқу мақсаты: 8.3.2.3 биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін талқылау

Бағалау критерийі: Биологиялық әртүрлілікті сақтау және қолдау қажеттілігінің себептерін түсіндіреді

Дескриптор: Оқушы-

1.биологиялық әртүрлілік ұғымының мәнін түсіндіреді;

2. биологиялық әртүрлілікті сақтау қажеттілігінің себебін түсіндіреді.

Тақырыбы: Дүниежүзілік тұқым қорыТұқым қорын жаңа селекция үшін сақтау. Тұқым қорын табиғи апаттар кезінде пайдалану.

Оқу мақсаты: 8.3.2.4 Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау

Бағалау критерийі: Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын анықтайды

Дескриптор: Оқушы -

1. Дүниежүзілік Тұқым Қоры қажеттілігін сипаттайды;

2. Қазақстан үшін Тұқым Қорының маңыздылығын түсіндіреді.

4- Тоқсан бойынша жиынтық бағалау